«Тарихи-мәдени бірлігі контексіндегі Бурят халқы»

шығарылымының жауапты редакторының құттықтау сөзі

 

Құрметті әріптестер!

Жаһандық ғылымның даму үрдісін анықтау үшін ғалымдардың тұтастай алғанда заманауи әлемнің толық, егжей-тегжейлі ғылыми көрінісін көру қабілетімен бірге «жергілікті» аймақтық зерттеулердің нәтижелерін ескеру өте маңызды. «Үлкен Алтай әлемі» журналының тұжырымдамасы осы негізде Үлкен Алтай өңіріне арналған ғылыми зерттеулердің материалдар жинағын қалыптастырады. Мұны жүзеге асыру үшін Үлкен Алтайды басты назарда ұстай отырып зерттеу жүргізетін зерттелетін аймақтың ғалымдары, сондай-ақ басқа да елдердің ғалымдары әріптестікке тартылады.

«Еуразия тарихи және мәдени бірлігі контексіндегі Бурят халқы» саны Бурятия жетекші ғылыми орталықтарының бірі – РҒА СБ Моңғол институты, (Улан-Удэ, Ре-сей Федерациясы) будда және тибетология зерттеулері орталығының материал-дары ғылыми жұмыстарын қамтиды. «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналы базасының негізінде мұндай нөмірді шығару үшін Үлкен Алтай зерттеуші-леріне қажет:

– аймақтық зерттеулерді жүргізудегі тәжірибе алмасу, зерттеудің ықтимал бағыттарын, олардың әдіснамасын қалыптастыру;

– Алтай және Саян-Байкал сияқты көршілес аймақтардың қалыптасу үрдісі болып табылатынын моңғол, қытай, славян және түркі әлемнің тағдыры өзара қуатты әсерлесу нүктелерінің айғақтары Үлкен Еуразияның мәдени және тарихи бірлігі контексінде құрылғандығын ескеру қажеттігімен анықталды.

«Үлкен Алтай әлемі» журналының осы нөмірінде оқырмандар тарихшылар, этнологтар, антропологтар, лингвистер, мәдениеттанушыларды қызықтыратын ара-лас аймақтық мәселелербойынша жазылған мақалалармен таныса алады. Әр ав-тор таңдаған әдіснамасы және ғылыми мүдделерінің өз пәні саласындағы шекара-сында жұмысқа тиісті ғылыми-зерттеу әдістерін таңдау, олардың арасындағы корре-ляция сұрақтары шешілді. Ұсынылған мақалалар Саян-Байкал облысының халық-тарының бірыңғай отбасында өмір сүруге жалғастыра отырып, өркениет тарихына өзіндік үлес қосқан және заманауи сын-қатерлерге абыройлы жауап беріп, өркендеп келе жатқан Бурят халқы жайлы ғылыми базаны толықтырып, жаңартуға ықпал ететін болады деп үміттенеміз.

Шығарылым тақырыбына арналған материалдарды қоса, осы нөмірде жетекші кеңестік археолог С.С. Черниковтың 1960 жылы Қалмақ тіл, әдебиет және тарих ғылыми-зерттеу институтында (Черников, 1960 ж.) жарық көрген Шығыс Қазақстан бойынша ойрат ескерткіштері жайлы ғылыми зерттеулердің материалдары негізінде жазылған мақаласы қайта басып шығарылды. Мақала « алтаистика және түркі зерттеулері классикасы» деп аталатын жаңа санатта орналастырылған. «Үлкен Алтай әлемі» журналына аталмыш санатты енгізу мақсаты – академиялық құнды-лығын жоғалта қоймаған мақалаларды қайта басып шығару болып табылады.

«Таныстыру мақаласы» санаты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» мамандығының докторанты Қ.Р. Жириндинованың зерттеулерін ұсынады. Мақа-лада мұрағат дереккөздерін талдау негізінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы байлардың әлеуметтік портретінің сипаттамасы келтірілген.

«Дөңгелек үстел» бөлімінде 2018 жылдың 5 мамырында С. Аманжолов атын-дағы ШҚМУ Алтайтану ҒЗО негізінде Өскемен, Алматы, Екатеринбург қалалары ға-лымдарының қатысуымен өткен «Ресей мен Қазақстан: стратегиялық серіктестердің әлеуметтік-мәдени диалогы» халықаралық семинарының материалдары ұсынылды.

Құрметпен, нөмірдің жауапты редакторы М. Балдано

Please reload

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon