«Еуразияның қасиетті кеңістігі: семиотика және тарихи-мәдени мұра» шығарылымының жауапты редакторының құттықтау сөзі

 

Құрметті әріптестер!

 

Әртүрлі елдердегі ғалымдар әртүрлі нысандар мен аумақтарда қасиетті деп танылған және қоғамды қалыптастыратын тарихи-мәдени маңызы бар материалдардың мазмұнын түсіну және қайта құру міндеттеріне тап болады. Мұндай міндет қазақстандық қоғамтану алдында да тұр. Қазақстан Республи-касында 2017 жылдан бері қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Оны жүзеге асырудың маңызды сәттерінің бірі – «Қазақстанның қасиетті географиясы» ұлттық жобасы. «Оның мағынасы – Ұлытау айналасын-дағы ескерткіштер кешені мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тараздың көне ескерткіштері мен Бекет ата кесенесін, Шығыс Қазақстанның ежелгі кешендерін және Жетісудың қасиетті жерлерінің кешенін ұлт жадында байланыстыру. Олардың барлығы біздің ұлттық ерекшелігімізді қалыптастырады» (Н. Назар-баев: болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау).

Ұсынылып отырған «Еуразияның қасиетті кеңістігі: семиотика және тарихи-мәдени мұра» атты тақырыптық нөмір қазақстандық және ресейлік автор-лардың осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулерін көрсететін мақалалар жинағы болып табылады.

И.Н. Каланчинаның (Барнаул қ.) «Белуха – Еуразияның кеңістіктік осі» деген мақаласында Алтай таулары – Белуханың ең биік шыңы тек Еуразияда ғана емес, сонымен бірге ғаламдық масштабта бірегей мәдени және табиғи храм ретінде көрінеді. Басқа авторлар қазіргі заманғы мәдениетті қалыптастыру үшін өте маңызды, бірақ әр түрлі тереңдікте жатқан мәдени жады қабаттарына жататын объектілердің қасиетті мағыналарын зерттеуде. Осылайша, Э.А. Бе-лекова (Ресей Федерациясы, Горно-Алтайск қ.) «Укок ханшайымының» феноменін, оның мәдени маңызы жағынан жазады, бұл оның ашылуынан кейінгі кең ауқымды қоғамдық резонанс тудыруымен расталады. Н.О. Тадышева (Ресей, Горно-Алтайск қ.) дәстүрлі алтай айылының қасиетті кеңістігін зерттейді. Ф.П. Григорьев, А.С. Уал-таева, Б.А. Железняков (ҚР, Алматы қ.) оқырмандардың назарын Жетісудағы ламаистік ескерткіштерге – Тамғалытас және Кайшиға аударады. З.Т. Сәдуақасова (ҚР, Алматы қ.) білім беру мәселесінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің имиджін қалыптастыруға айтарлықтай ықпалын тигізетін Алаш интеллигенция-сының ағартушылық мұрасының пассионарлық қуатын зерттейді. К.А. Медеуова, У. Сандыбаева (ҚР, Астана қ.) «Қазақстандағы қасиетті география: мемлекеттің ескерткіш саясаты және қоғамдық орындардағы жергілікті тәжірибе» мақаласында өз зерттеулерінің нәтижелері туралы әңгімелеп береді.

«Дөңгелек үстел» бөлімінде «Саяси қуғын-сүргін туралы естеліктер» семинарында ұсынылған баяндамалардың барысы мен мазмұны қамтылған. Іс-шара 2018 жылдың 31 мамырында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өтті.

«Мақала-ұсыным» айдарында атақты ресейлік ғалым В. Дятловтың «Ресейдегі трансшекаралық мигранттар: сипаттама тілінің динамикасы» зерт-теу материалдары ұсынылған. Сондай-ақ, осы нөмірде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» мамандығы бойынша докторант А.Қ. Бұлғынбаеваның Шығыс Қазақстанның мұрағаттық мәліметтерде берілген тарихы қамтылған XX ғасыр-дың 20-шы жылдарындағы діни қызметкерлер мен молдаларға қатысты кеңестік саясатты жүзеге асыру жайлы мақаласы ұсынылған.

 

Құрметпен, нөмірдің жауапты редакторы А.С. Жанбосынова

Ресейдегі трансшекаралық мигранттар: сипаттау тілінің динамикасы

Please reload

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon