«Қазақстан және Ресей:  ХIХ – ХХI ғғ. басындағы этнодемографиялық дамуының ерекшеліктері» шығарылымының жауапты редакторының

алғы сөзі

 

Құрметті әріптестер!

 

«Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналының осы шығарылымы бірінші кезекте Қазақстан және Ресейге тән этнодемографиялық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді  талдауға арналған. 20 жыл бойы Өскеменде «Қазақстан және шекаралас аумақтардағы этнодемо-графиялық үрдістер» атты  халықаралық ғылыми конференциялар  өткізіледі.  Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын нөмірде  2018 жылдың қыркүйегінде  өткен ХVII халықаралық конференцияда ұсынылған мақалалар жарияланады.

Зерттеулердің бір қатары, ұзақ ретроспективада көші-қон мәселелерін зерттеуге арналған. И.В. Анисимова XVIII ғасырдың екінші жартысы  –XIX ғасырдың ортасындағы Алтай округы қазақтарының көші-қон қозғалысына қатынасты Ресей империясының саясатына талдау жасалынады. Б.Ж. Атан-таева және Р.Д. Ахметованың мақаласы Семейдің Ертіс өңірінде татар халқының қалыптасу тарихына арналады.  Н.Н. Аблажей және Е.Г. Водичев  Қазақстан және Ресейдің шекараларының трансформациясы және трансшекаралық  әрекеттестік мәселелерін зерттеудің нәтижелері туралы баяндайды. Ғалым-дардың пікірінше трансшекаралық ынтымақтастықтың қазіргі кезеңдегі жағдайы аймақтық даму және интеграция үрдістерін ынталандырмайды. Е.В. Тарасо-ваның Алтай өңіріндемуниципиалдық құрылымдарының көші-қон байланыс-тарының талдауы муниципалдыаралық көші-қон Алтай өлкесі территориясы халқының санына және жас-жыныс құрамына маңызды әсер етеді, олардың экономико-демографиялық теңсіздігін  шиеленістіретіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Посткеңестік кезеңде урбанизациялық үрдістер Қазақстанда халықтың этноәлеуметтік, этнодемографиялық құрылымында жаңа құбылыстардың пайда болуына әкелді. Г.А. Сарсембаеваның мақаласында қала қазақтарының Қазақстан Республикасының қала  кеңістігіне ішінара немесе толық шоғырланған қалалық қазақтардың  ұстанымдары қарастырылады. А.С. Жанбосинова және А.Т. Казбекова мақалаларының  мақсаты саяси қуғын – сүр-гіннің тарихын гендерлік әдіснамалық кескін арқылы қарастыру болып табылады. В.И. Дятлов мақаласында пост-кеңестік нарықтардың генезисі қарастырылады және олардың  тарихи ізашар-ларын анықтауға талпыныс жасалған.

 Нөмірде  поляк зерттеушісі А. Кучинскийдің «Сибирь 400 лет польской диаспоры. Ссылки, мученичество, цивилизационный успех поляков. Истори-ческий очерк. Антология» атты монографиясына И.Н. Никулина дайындаған рецензия ұсынылады.

Нөмірді таныстыру мақалалар аяқтайды. Ю.А. Лысенко әлеуметтік-саяси жағдайды талдау негізінде Далалық өлкедегі азаматтық соғыс-тардың негізгі себептерін анықтайды, А.К. Шашаев Жетісудағы мұсылман халқын полицейлік бақылауының ерекшеліктерін  қарастырады.

 

Құрметпен, нөмірдің жауапты редакторы А. Алексеенко

Please reload

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon