Please reload

Шығарылымның жауапты редакторының алғы сөзі

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерге «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналының бесінші томының бірінші нөмірі ұсынылады. Біз бес жыл бойы ғылыми ақпараттық кеңістікте қызмет атқарудамыз, журнал беттерінде 197 мақалалар жарияланып, 19 шығарылымы баспадан шықты. Журналдың басылымдарында Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Жапония және Қазақстан авторлары еңбек етті. Басылым қызметі барысында біз археология, мәдениет, демография мәселелері бойынша бірнеше тақырыптық нөмірлерді жарияладық. Журнал гуманитарлық ғылымдар түйісінде пәнаралық мәселелермен айналысатын ғалымдардың тығыз ыңтымақтастығы үшін жағдайларды қамтамасыз етуші сұхбат алаңына айналды. Журналдың тұрақты авторлары қалыптасып және оған қызығушылық танытқан оқырмандар туындады.

«Үлкен Алтай әлемі» журналы Ресей ғылыми дәйексөз индексіне енгізілген. Мақалалардың толық мәтінді нұсқалары ғаламтор желісінде http://elibrary.ru/ title_about.asp?id=54819 мекен-жай бойынша ғылыми электронды кітапханадағы журналдың бетіне орналастырылған. Біздің журналда мақалаларын жариялаған авторлардың орташа индексі – 5,0 құрайды, барлық деректерден дәйексөзді есепке алғанда екіжылдық РҒДИ импакт-факторы – 0,059, Хирш индексі 2 құрайды. Келтірілген көрсеткіштер әлі де жоғары емес, бірақта ол біздің бірлескен қызметіміздің нәтижесі.

Журнал тиімді ғылыми коммуникацияларды қолдау үшін ортақ инфрақұрылымды дамытатын ғылыми баспалар бірлестігі CrossRef халықаралық ғылыми базада орналастырылған. Қазіргі кезеңде CrossRef дәйексөз жүйесі 68 миллионнан астам журналдағы мақалаларды және бүкіл әлем бойынша мыңдаған ғылыми және кәсіби баспагерлерден басқа да мазмұнды элементтерді қамтиды (https://search.crossref.org/?q=2410-2725&type=Journal+
Article
). Цифрлы нысан идентификаторын пайдаланатын бірінші қазақстандық журнал болып табылады, DOI берілуі автордың және журналдың беделіне жағымды әсерін тигізеді және идентификатор көмегімен материалдарды әлемнің жетекші ғылыми библиографиялық каталогтарында орналастыруға болады.

Қазіргі таңда біз журналдың редакциялық кеңесін күшейтіп, жаңа міндеттер мен даму стратегиясын анықтадық, келешекте журналдың ҚР БҒМ БҒСБК ұсынатын басылымдар тізбесіне, ұзақ мерзімде Scopus басылымдарының тізбесіне енгізу көзделуде.

Ағымды нөмір жеке тұлғалар тарихы бойынша С. Асфендировтың (А.А. Жүнісбаев.), Ш. Жиенкұлованың (Д. Касымова) қызметтеріне байланысты қызықты жарияланымдармен ұсынылады; Алтай тақырыбына, археология, ауызша тарих және күнделікті өмір, фольклоры бойынша А.А. Казаковтың, Т.К. Щеглованың, Н.Р. Ойноткиновалардың мақалалары арналады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының мәселелерін Семей облысы материалдары, соның ішінде Зайсан ауданы бойынша Е.Н. Ермұқанов, Р. Оспанова қарастырады. Мақаланы таныстыру бөлімінде тәуелсіз Қазақстандағы «саяси бәсеке-
лестік» санатын талдау арқылы сайлау алгоритмін анықтаған Г.Р. Нұрымбетованың материалдары жарық көрді. Ағымды нөмір жеке тұлғалар тарихы бойынша С. Ходжановтың (Ж.К. Симтиков.).

 

Құрметпен, нөмірдің жауапты редакторы А. Жанбосинова

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon