Шығарылымның жауапты редакторының алғы сөзі

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға журналдың «Еуразия халықтары: тарих, мәдениет, өзара ықпалдастық» атты тақырыптық номерін ұсынып отырмыз. 

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында халықтардың дәстүрлі мәдениетінде елеулі өзгерістер болды. Бұл үрдістер әлеуеттің кеңестіктен посткеңестікке өтуіне негізделген постиндустриалды қоғамның жалпы әлемдік тенденцияларымен байланысты болды, сонымен қатар, оған кеңестік кезеңде жүзеге асырылған үрдістер де әсерін тигізді. Бұл тенденцияларды талдау қоғамның даму мүмкіндіктерін бағалауда өзекті болып табылады. Бірінші кезекте, халықтың бірегейлігінің негізі болып табылатын ұлттық мәдениеттегі өзгерістерді саналы түрде қабылдауда маңызды мәнге ие болды.

Әрине, дәуірлердің ауысуы дәстүрлі мәдениеттің өзгеру себептеріне әсер етті, себебі, мәдениеттің кейбір элементтері бұл өзгерістерге бейімделсе, басқалары жойылды. Осы үдерістен өтіп жатқан әрбір ел мен әрбір этносқа осы кезеңнің ерекшеліктері тән, сондықтан оны түсінуге қажетті жеке бейімдеу тетіктері пайда болады. Өзгерісті белгілеу және талдау – жеке зерттеушілік назар аударуды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады.

"Үлкен алтай әлемі" журналының ағымды номерінде Алматы, Абакан, Барнаул, Горно-Алтайск, Санкт-Петербург, Сургут қалаларының тарихшы, демограф, этнограф, фольклорист және лингвист ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелері ұсынылады.

А.А.Конуновтың "Алтайлықтардың әдет-ғұрып фольклорының қазіргі жағдайы (2017 жылғы далалық жұмыстардың материалдары негізінде)" және Н.О.Тадышеваның "Bride-kelin: ritual codex of traditional wedding ritual softhe Sayan-Altaiturks"  (Қалыңдық – келін: Саян-Алтай түркілерінің дәстүрлі той әдет-ғұрыптарының ритуалды коды) атты мақалалары бірнеше элементтерді біріктіретін алтайлықтардың қазіргі кезеңдегі әдет-ғұрыптарының кешеніне арналған. Ол біріншіден, дәстүрлі әдет-ғұрып. Екіншіден, ХХ ғасыр бойы енгізілген социалистік әдет - ғұрыптар компоненттері. Үшіншіден, посткеңестік кезеңдегі қарқынды рухани ізденістер барысында пайда болған, атап айтқанда басқа мәдениеттерден қабылданған жаңа көзқарастар мен тәжірибелер.

А.А.Конунов күнтізбелік ғұрыптарды егжей-тегжейлі суреттеп, әдет ғұрыптардың тотемдік рух-иелерінен, табиғи апаттардан, аурулардан магиялық қорғаушылық, қорғау қызметін атқаратындығы туралы қорытынды жасайды. Барлық осы ізгі тілектерде тура тақырыпта Алтайдың даңқын шығару, киелі таулар мен үлкен өзендердің иесі-рухтарын бекіту тақырыбы айқын көрініп, Алтай иесіне және таулар мен өзендердің иелеріне қажетті игіліктер алу мақсатында түрлі рухтарға бағытталған көмек сұрау туралы өтініш бар.

Н.О.Тадышева дәстүрлі мәдениетте "өзінікі – бөтен" категориясы және "бөтен" тарапынан жағымсыз әрекетке сенім туралы көзқарастар маңызды орын алатындығын көрсетеді. Үйлену әдет-ғұрыптарында болашақ ерлі-зайыптыларды бір жағдайдан екіншісіне, "бөтен" әлемнен – "өзіндікке" өткізу әрекеттері тізбекті рәсімдермен жүргізіледі. Қалыңдыққа қатысты "өзіндік – бөтен" екі жақты позицияға негізделген алтайлықтардың, тувалықтардың және хакастардың анықталған үйлену рәсімдерінің ортақ элементтері қызығушылық тудырады.

О.П.Игнатьеваның "Қазіргі кезеңдегі алтайлық жылқы шаруашылығының кейбір аспектілері " атты мақаласында алтайлық жылқы шаруашылығының мәселелері қарастырылып, материалды мәдениетке назар аударылған. Тарихи жағдайларға байланысты көшпелі мәдениетте болған трансформацияларға назар аударылған. Жарияланбаған дерек көздерінің негізінде (мұрағат материалдары, автордың далалық зерттеу материалдары) жылқы шаруашылығының жағдайы мен жылқы өсіру дәстүріне өзгерістердің әсеріне  талдау жасалынған.

Хакастардың дәстүрлі тұрғын үйлерін Саян-Алтайдың басқа халықтары-
ның материалдарымен салыстырмалы және типологиялық зерттеу саласында А.А.Кыржинаковтың "Саян-Алтайдың түркі халықтарының дәстүрлі кәсіптік тұрғын үйлері" атты зерттеуі үлкен қызығушылық тудырады. Салыстырмалы зерттеу көрсеткендей, мәдени-тарихи даму мен генетикалық негіздерінің ортақтығына байланысты тувалықтар – чавыт/чавытчадыр, хакас – одаг/отах, алтайлықтар – jапаш/чадыр, шорц - одаг, куманды – адаг/одаг, тубалар – адаг/одаг халықтарының уақытша кәсіптік тұрғын үйлерінің ұқсас түрлері материалды мәдениетте сақталған.

И.Н. Майтуева "Алтайлықтардың халық ауыз шығармашылығындағы жабайы жануарлардың аңыздық бейнелерінің сипаттамасы" атты мақаласында көптеген деректерге сүйене отырып, алтайлықтардың халық ауыз шығармашылығындағы жабайы жануарлардың рөлі мен орны туралы мәселені қарастырып, жануарларға табынудағы алтайлықтардың дәстүрлі дүниетанымының ежелгі элементтерін айқындап, мағынасын ашуға тырысқан.

Е.В.Чайкинаның жұмысында алтай тіліндегі жұптық зат есімдерінің қалыптасу ерекшеліктері талданған. Зерттеудің негізгі болжамы – жұптық сөздер лексикалық ресурстарды үнемдеу тұрғысынан барынша тиімді, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларында қажетті ашық "уақытша" нысандар түрлерін белгілеу үшін номинациялардың ерекше түрі болып табылады. Жұптық сөздер ұғымды білдіретін белгілер ретінде жұптық сөздің құрамдас бөліктерімен аталған объектілер мен құбылыстардың қасиеттеріне талдау жасайды, бір мезгілде заттарды ерекше қасиеттері бойынша бөліп, кейбір жалпы белгілерді бөліп көрсету арқылы олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сәйкес жіктейді.

А.А. Галиевтің "Империяның басқару тәжірибесін салыстырудағы Алтын Орда" атты мақаласында Бөкей Ордасындағы басқару жүйесінің мәселелері қарастырылады. Автор Ресей империясының аумағында қалыптасқан басқа этносаяси құрылымдардың кейбір басқару түрлерін енгізу үрдісін суреттеп, билеуші қазақ элитасы мен патша билігі арасындағы қарым-қатынастардың жаңа түрін көрсетеді. Басқарудың бұл түрлері мен тәсілдері дәстүрлі басқарудан ерекшеленеді, сондықтан олар  "ойлап тапқан дәстүрлер" ретінде түсіндірілуі мүмкін. Н.А. Филиппованың "Байырғы халықтардың тілдік, мәдени және діни ұқсастығы: Сібірде жаңа діни тәжірибені қамтамасыз ету" мақаласында Ресейдің азиялық бөлігінде (атап айтқанда Сібірде) аумақты орналасқан Ресей Федерациясының субъектілеріндегі тілдік, мәдени және діни ұқсастығы тәжірибесі зерттелген. Себебі, бұл аймақта байырғы халықтардың көп бөлігі орналасқан-
дықтан, бұл мәселеде аймақтық саясат әр алуан болып келеді.  Автор Ресейдегі байырғы халықтардың ұлттық ерекшеліктеріне тән құқықтық жағдайының  Конституцияда айқындалуына назар аударып, оның тарихи негіздемесін дәлелдейді; индустриалды және постиндустриалды (ақпараттық) мәдениеттің қалыптасуы жағдайында байырғы халықтардың  негізгі мәселелері жүйеленген, аз байырғы халықтардың тілдерін сақтау жөнендегі аймақтық саясат талданған; А.А. Еремин мен А.М. Астрелиннің "Посткеңестік кеңістіктегі демографиялық дамуды басқару" атты мақаласында посткеңестік кеңістіктегі елдердің демографиялық дамуын басқару үрдісі талданған. Демографиялық даму және мемлекеттік демографиялық саясат түсініктері жан-жақты қарастырылып, КСРО ыдырығаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі халықтың өсімін молайту (туу, өлім) және көші-қон үрдістері саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары талданған. Мақалада демографиялық саясат, оны жүзеге асырудың тетіктері мен қағидаларының нормативті-құқықтық базасын зерттеуге басты назар аударылған. 

 

Құрметпен, номердің жауапты редакторы  Н.О. Тадышева

Алтайлықтардың әдет-ғұрып фольклорының қазіргі жағдайы
(2017 жылғы далалық жұмыстардың материалдары негізінде)

Үлкен Алтай әлемі 2019 Т.5.№3. 323-336

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-323

Конунов Аркадий Алексеевич

филология ғылымдарының кандидаты, С.С.Суразаков атындағы алтаистика ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,  Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы, Горно-Алтайск қ. E-mail: konun1974@mail.ru

 

Аңдатпа: Бұл жұмыс жергілікті этникалық топтар ретіндегі Оңтүстік Сібірдің түркі халықтарының бірі – алтайлықтардың ғұрыптық фольклорының қазіргі кезеңдегі жағдайын зерттеуге арналған. Алтайлықтардың сакралдылық туралы түсініктерін зерделеу ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастау алады. Осы кезеңде адамдар кеңестік кезеңде біртіндеп ұмытыла бастаған киелі нысандарды қайтадан насихаттай бастайды. Күнтізбелік мерекелерде  асулар, емдік бұлақтарға барып, рух иелеріне құрбандық шалып, мюргюлдік уағыздар жасаудың нәтижесінде сакралды ғұрыптар ашық, "заңды" болып, қоғам қабылдай бастады. Этнос өмірінде маңызды рөл атқаратын бірегей вербалды үлгілер мен қазіргі әдет-ғұрыптық материалдарды сақтау және белгілеу, оларды фольклорлық топтама құру жолымен, кейінірек жариялау және зерттеу уақыт талабына сай болып отыр.  Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениеттің жедел жойылуы мен әдет - ғұрыптық саланы білетін адамдардың азаюы, бүгінгі күнге дейін сақталған ғұрыптарды тез арада және толығырақ зерттеу қажет. Әртүрлі алтайлық этникалық топтардың күнтізбелік мерекелерде жүргізетін барлық рәсімдердің айырмашылығын негізінен сыйыну мәтіндерінің деңгейі мен жергілікті дәстүрлермен байланысты әдет-ғұрыптың сыртқы элементтерінен көруге болады. Әдет-ғұрыптардың түпкі семантикасы, бағыты мен оның негізгі кезеңдері бірдей болып келеді. Сондықтан, барлық белгілеген әдет-ғұрыптарды бір ортақ алтай дәстүріне жатқызуға болады.

Түйін сөздер: дүниетаным; дәстүр; әдет-ғұрып; рәсім; ритуал; күнтізбелік рәсім; мереке. 

Қалыңдық-келін: Саян-Алтай түркілерінің

дәстүрлі той әдет-ғұрыптарының ритуалды коды

Үлкен Алтай әлемі 2019 Т.5.№3. 337-350

DOI:10.31551/2410-2725-2019-5-3-337

Тадышева Наталья Олеговна

Тарих ғылымдарының кандидаты, "С.С. Суразаков атындағы алтаистика ҒЗИ" АР БҒМ директорының орынбасары, Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы, Горно-Алтайск қ.

E-mail: tadisheva@mail.ru

 

Аңдатпа. Мақалада қалыңдық-келінге қатысты "өзіндік – бөтен" екі жақты позицияға негізделген алтайлықтардың, тувалықтардың және хакастардың анықталған үйлену рәсімдерінің ортақ элементтері анықталған. Үйлену рәсімі үрдісі барысында бірінші кезекте қалыңдықтың қазіргі әлеуметтік-туысқандық қатынастары айқындалады. Осыған сәйкес жүргізілген әдет-ғұрыптардың соңында қызды ата - анасынан "алшақтату" жүргізіліп, бұрынғы ошақ ғұрпынан біртіндеп жаңа ортаға бейімдейді. Алғашында қалыңдық-келін "бөтен", "келген" адам ретінде есептеледі. Оның жаңа туыстарына ықпалы "қауіпті", сондықтан оған қарсы сиқырлы – діни қорғау шаралары қолданылады. "Бөтеннің" сөзінің сиқырлық  мәні туралы түсінік сақталған, сондықтан, мұндай жағдайда бөтен рулы келін күйеуі мен оның туысқандарына қауіпті және оларға зиян тигізуі мүмкін. Қалыңдыққа қатысты "өзіндік – бөтен" екі жақты позицияға негізделген алтайлықтардың, тувалықтардың және хакастардың анықталған үйлену рәсімдерінің барлық элементтері айқындалған, атап айтқанда келіннің бетін той пердесімен, орамалмен жауып, жаңа туысқандары жағына толық өту рәсімі өткенше, күйеу жігіттің нереме бауырлары келіннің жанында жүреді. Аскак – Қадай, шашты өру, сүт құйылған кесе әкелу, күйеудің жасы үлкен туысқандарына жақындамау сияқты рәсімдер жүргізіледі.  Сонымен қатар, халық ауыз фольклоры дәлелдейтін тұрақты элементтерге назар аударылған. Сондықтан, мақалада  алтайлықтардың, тувалықтар мен хакастардың батырлық жырларынан мысалдар келтірілген. Қазіргі кезеңде үйлену рәсімдері бір жағынан қала жағдайында қарапайымдана түскен, екінші жағынан, Тува мен Хакасияда мұражайлар мен клубтық мекемелерде дәстүрл үйлену рәсімдерін өткізу дәстүрлі үйлену рәсімдерін жаңғырту және дәстүрлі мәдениетте сақтауға талпыныс жасауы ретінде қабылдау қажет. Бірақ, қарастырылып отырған материал осы жағдайлардың өзінде Саян-Алтай түріктерінің дәстүрлі әлемінде қалыңдық туралы көріністің сақталғандығын көрсетеді.

Түйін сөздер: үйлену рәсімділігі; "өзіндік – бөтен" екі жақты позиция; сакральды; өту рәсімдері; қалыңдық - келін; алтайлықтар; тувалықтар; хакастар. 

Қазіргі кезеңдегі алтайлық жылқы шаруашылығының кейбір аспектілері

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5.№3. 351-372 

DOI:10.31551/2410-2725-2019-5-3-351

Игнатьева Ольга Петровна

Ресей этнографиялық мұражайы, ғылыми қызметкер,  иллюстративті қорды сақтаушы. Ресей Федерациясы. Россия. Санкт-Петербург қ., E-mail: kopeishik@yandex.ru

 

Аңдатпа: XX ғасыр алтайлықтардың өмір салтына көптеген өзгерістер әкелді ("алтайлықтар" термині алтай-кижи, теленгит, кумандықтар, челкандар, тубаларды біріктіретін жинақтаушы мағынада қолданылады). Көшпелі топтар толығымен отырықшылыққа ауысты, бірнеше рет мүлік қатынастар жүйесі өзгерді, аймақ тұрғындары ауылшаруашылықты дамытудың  мемлекеттік бағдарламасына тартылып, міндетті стандартталған білім беру енгізілді. ХХІ ғасырдың басында шаруашылықтың жаңа коммуникативті мүмкіндіктері, жаңа материалдар мен жаңа бағыттар енгізілді, бірақ соның өзінде жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғындарға медициналық және ветеринарлық қызмет етудің деңгейі төмендеді. Алтайдың мал өсірушілері шаруашылықты заңды тәсілдері туралы дәстүрлі мәдени көріністер шеңберінде қалыптасқан және экономикалық тиімді деп есептеген шаруашылық түрлерінде өздерімен өздері әрекет етті. Бұлардың нәтижесі ауылшаруашылық жүргізудің дәстүрлі тәсілдеріне біртіндеп қайта оралу, ауылшаруашылық мал басы, атап айтқанда, жылқы басы есебімен отбасының мүліктік деңгейін бағалау шаралары болды. Жылқы шаруашылығының толық экономикалық орынсыздығы кезінде жылқы шаруашылығы дәстүрінің үздіксіз дамуы мен өзіндік қайта жаңғырту  зерттеушілерден міндетті бекітуді және зерттеуді талап етеді. Бұл мақалада алтайлықтардың қазіргі жылқы шаруашылығының материалды аспектісіне шолу жасалған. Жылқы ұстау және өсіру тәсілдері қарастырылып, ат абзелдерінің түрлері туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен қатар, мұражай топтамаларындағы материалды нысандарды қазіргі үлгілермен салыстырған. Ат жарыстарының кең тараған түрлері туралы қысқаша мәліметтер берілген.

Түйін сөздер: Алтай; қазіргі материалды мәдениет; жылқы шаруашылығы; ат әбзелдері; ұтқырлық; ұлттық спорт; ерлер әлемі; этникалық бірегейлік.

Саян-Алтайдың түркі халықтарының дәстүрлі кәсіптік тұрғын үйлері

 

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5.№3. 373-389

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-373

Кыржинаков Артур Алексеевич

тарих ғылымдарының кандидаты, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Тарих және құқық институтының Жалпы тарих кафедрасының доценті, Ресей Федерациясы, Хакасия Республикасы, Абакан қ., Е-mail Kyrzhinakov@mail.ru.

Аңдатпа. Мақала Саян-Алтайдың түркі халықтарының шаруашылық-кәсіптік тұрғын үйлерін тарихи құрылымын анықтауға арналған. Бұл тұрғын үй құрылыстарының әртүрлі кезеңдегі өзгерістері, динамикасы және трансформациялануын зерттеуге, талдауға арналған. Олар аңшылық кәсіп пен қарағай жаңғақтарын жинау жұмыстарына арналған. Құрылымдық ерекшелігіне байланысты мынадай түрлері анықталған: бір қырлы, екі қырлы және конус түрлі.  Екі қырлы үйлердің бірнеше түрі бар: екі қырлы ашық түтіндік саңылауы бар, екі қырлы тар түтіндік саңылауы бар, екі қырлы жабық, шатырдың пирамида тәріздес формасы бар қаңқалы-бағаналы. XVIII-XIX ғасырларда олар шаруашылықта кеңінен қолданылса, ХХ ғасырда  біртіндеп олардың трансформациялануы жүріп, құрылымы өзгереді және қаңқалы құрылымдар бөренеден жасалған үйлерге алмасады. Олар Саяно-Алтайдың тайгалық бөлігінде бүгінгі күнге дейін сақталған.  ХХІ ғасырда тайга өсімдіктері өнімді болған жылдары кәсіптік аумақтарда уақытша каркастық тұрғын үй құрылыстары бар, бірақ олар өте сирек кездеседі. Алтайлықтар, кумандықтар, тубалар, тувалықтар, хакастар және шорцылардың кәсіптік тұрғын үйлеріне салыстырмалы-тарихи талдау жасалып, соционормативті элементтерді ескере отырып,
кешенді этнографиялық сипаттама жасалған. Ортақ құрылыстық элементтер анықталып, сонымен қатар, Саян-Алтай жоталарының жергілікті тұрғындарының тайгалық құрылыстарының атауларларындағы ұқсастық анықталған. Тайгалық түркі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері осы уақытша тұрғын үйлердің құрылысы мен онда өмір сүру жағдайларымен тығыз байланысты болды. Кәсіппен айналысатындардың тұрғын үйлерінің шығу тегі Саян-Алтай түркілерінің мәдениетінің ең ежелгі кезеңімен байланысты. Олардың пайда болу мерзімін анықтау мүмкін емес, бірақ қолда бар тарихи-этнографиялық материалдың негізінде олардың өзгерістерін анықтауға болады. Нәтижесінде автордың бұрын қолданылмаған мұрағат, далалық этнографиялық материалдары мен фольклорлық мәтіндері ғылыми айналымға енгізілген. 

Түйін сөздер: Саян-Алтай; кәсіптік үйлер; хакастар; алтайлықтар; тувалықтар; шорцылар; кумандықтар; тубалар; аңшылық; қарағай жаңғақтарын жинау.

Алтайлықтардың халық ауыз шығармашылығындағы жабайы жануарлардың аңыздық бейнелерінің сипаттамасы

 

Үлкен Алтай әлемі Т.5.№3. 390-405

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-390

Муйтуева Ирина Николаевна

педагогика ғылымдарының кандидаты, С.С. Суразаков атындағы алтаистика ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы, Горно-Алтайск қ. Е-mail: muytuevai@mail.ru

 

Аңдатпа: Жануарлар әлемінің бейнесін зерттеу халықтың діни сенімін зерттеуге ықпал етіп, рухани мәдениетінің болашағы мен даму тенденциясын анықтауға мүмкіндік береді. Бейнелердің функционалдылығы ең алдымен, әлемді екі бастауға бөлумен байланысты. Бірақ ол туралы бір жақты айтуға болмайды, себебі, көптеген образдар әлемнің дуальды бейнесінде екі жақты мағынада болады. Әлемді екі құдай жаратты деген дуалистік космогониялық аңыз, алтайлықтардың дүниетанымының негізі болып, қоғамның тек  дәстүрлі діни - мифологиялық картинасының құрамдас бөлігін сипаттаушы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның бүкіл рухани мәдениетінің іргетасы болып табылады. Әлемнің дәстүрлі бейнесінде космогониялық аңыз дуализмі жер, адам, жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемінің пайда болуы мен құрылымы туралы түсініктердің барлығында кездеседі, сондықтан, онымен байланысты әдет - ғұрыптар соған бағынышты болады. Осы тақырыпты толығымен зерттеу үшін алтайлықтардың жануарларға табынуы туралы әртүрлі деректерден мәліметтер жиналған. Бұл зерттеу жұмысында алтайлықтардың мифоғұрыптық дәстүрлеріндегі жабайы жануарлардың мифологиялық бейнелерін барлық жағынан қарастырған. Алтайлықтардың халық ауыз шығармашылығында жануарларға табынудың жеке көріністері олардың қандай да бір жануардың алдындағы қорқыныштан немесе кейбіреулеріне құдайлық табынудың әсерінен болуы мүмкін. Бірақ бүгінгі күні жеке жануарларға табыну себептерін анықтау мүмкін емес, себебі, біз олардың қалыптасқан ғұрыптық бейнесін көрсетеміз. Алтай фольклорында жануарлар дүниесінің мифологиялық бейнесін кешенді зерттеу өзекті болып табылады.

Түйін сөздер: бейне, жануарлар әлемі; дуализм; халық ауыз шығармашылығы; тотем; аю; қасқыр; қоян; суыр.

Алтай тіліндегі жұптық зат есімдердің құрылуы

Үлкен Алтай әлемі Т.5.№3.406-418

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-406

Чайчина Евгения Валерьевна

Тілдің ғылыми зерттеу тобының ғылыми қызметкері, "С.С.Суразаков атындағы алтаистика ҒЗИ" АР БҒМ, Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы, Горно-Алтайск қ., Социалистическая көш., 6 үй. E-mail: ozok@mail.ru

 

Аңдатпа. Барлық түркі тілдерінде, соның ішінде, алтай тілдерінде жұптық зат есімдер кең тараған, олар тек ауызша сөйлеу мен фольклорда ғана емес, сонымен қатар, көркем әдебиеттің әртүрлі жанрларында жиі кездеседі. Жазу мен ауызша сөйлеуде жұптық зат есімдердің қолданылуы, олардың мағыналық көлемі мен стилистік, эмоционалды-экспрессивті жағдайды айқындауға байланысты болады.

Мақала алтай тілінің жұптық зат есімдерін зерттеуге бағытталған. Жұптық сөздерге екі құрылымдық тән. Көптеген жұптық сөздердің компоненттері лексикалық жағынан әртүрлі мағыналы. Олар сөйлеудің бір бөлігіне әрдайым қарайды және көптеген жағдайларда да бірдей морфологиялық көрсеткіштермен ресімделеді.

Түркі тіліндегі бұл мәселе бойынша Е.И. Убрятова, Т.М. Гарипов, Ф.А. Ганиев, А.Т Кайдаров, С.Н. Муратов, Г.Н. Семенова, Н.М. Ондар, И.М. Тараканова, Г.А. Дырхеева, Д.Ш. Харанутова, Е.А. Бардамова және тағы басқалардың еңбектері бар. Бүгінгі күнге дейін алтай тілтануында жұптық сөздер арнайы зерттеу нысаны болған емес. Кейбір жеке мәселелер Н.Н. Тыдыкова, Н.Р. Байжанова, А.В. Белякова, Е.В. Чайчина және тағы басқалардың мақалаларында көрініс тапқан. Бұл мақалада жұмысында алтай тіліндегі жұптық зат есімдерінің қалыптасу ерекшеліктері талданған. Олардың жиіліктік түрлері анықталады. Иллюстрациялық материал Алтай тілінің қолданыстағы сөздіктерінен және Алтай классиктерінің көркем әдебиетінен жаппай іріктеу жолымен алынған.

Түйін сөздер: түркі тілдері; алтай тілі; грамматика; зат есім; сөз құрастыру; семантика; жұптық сөздер.

Империяның басқару тәжірибесін салыстырудағы Алтын Орда

 

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5. №.3. 419-430

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-419

 

Галиев Ануар Абитаевич

тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, Қазақстан, Алматы қ., E-mail: galiev_anuar@mail.ru

Андатпа. Осы аталмыш ғылыми мақалада ХІХ ғасырдың басында  Еділ мен Жайық өзендерінің арасында қалыптасқан Бөкей Ордасындағы басқару жүйесі жан жақты ғылыми әрі жүйелі түрде нақты қарастырылған. Бөкей Ордасын қалыптастыру туралы бастама патша үкіметінің   шенеуніктері тарапынан көтерілгені белгілі. Осы бастама негізінде бұрында Ресей империясы құрамында болған өзгеде этносаяси бірлестіктерде болған және қолданылған тәжірибе негізінде жаңа қалыптасқан саяси  Ішкі Орда бірлігінде қазақ ақ сүйектері мен патша  билігі арасында жаңадан өзара қарым-қатынас орнату  мәселесінде аталмыш тәжірибені енгізу мәселесі жан жақты баяндалған. Патша билігінің осы басқару жүйесін салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, осыған дейінгі болған дәстүрлі  жүйеден ерекше болғандықтан, аталмыш жүйені біз «жасанды дәстүр» деп толық негізде айта аламыз. Бөкей Ордасы іс жүзінде Ресей империясының еуропалық бөлігінде орналасуы және империяның неғұрлым экономикалық- мәдени тұрғыдан дамыған аудандарына жақын орналасуы факторлары Ішкі Орда билеушілерін басқарудын  әлі белгісіз жаңа түрлерін енгізуге итермелейді. Әлемдік империялар тарихын алып қарайтын болсақ, империялық басқарудың осындай тәсілдері Испан империясының Америка құрлығында қолданғаны бізге белгілі. Зерттеуші Бенедикт Андерсон атап көрсеткендей дәл осындай саяси басқару жүйелері кейін испан империясынан тәуелсіз жаңа мемлекеттерді дүниеге әкелді. Ал осындай жағдай әртүрлі географиялық, әлеуметтік және экономикалық сипаттағы себептерге байланысты Бөкей Ордасында іске асырыла алмады. Бөкей Ордасы жарты ғасырдай уақыт өмір сүрді. Ол патша билігінің  отарды жаңаша басқару саясатының сыналған аймағы ретінде тарих қойнауында қала берді. Ал патшалық Ресей аталмыш аймақта өзінің отаршылдық басқару позициясын күшейтіп алғаннан кейінгі тарихи кезеңде шыңғыстық хандық басқару жүйесіне негізделген Бөкей Ордасы жойылып, бұл аймақта басқарудың жаңа тетіктері мен институттары енгізілгені мәлім.

Түйін сөздер; Бөкей Ордасы; Ресей империясы; жасап шығарған дәстүрлер; қиялдағы қауымдастық.

Байырғы халықтардың тілдік, мәдени және діни ұқсастығы: Сібірде жаңа діни тәжірибені қамтамасыз ету.

 

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5. №3. 431-445

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-431-445

Филиппова Наталья Алексеевна

заң ғылымдарының докторы, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент, Сургут мемлекеттік университетінің мемлекеттік және муниципалдық құқық кафедрасының меңгерушісі. Ресей Федерациясы. 628416, Сургут қ., Ленина даңғылы 1. E-mail: filip64@mail.ru

 

Аңдатпа. Этникалық бірегейлікті сақтау құқығы әмбебап болып табылады. Бірақ аборигендік этностарға қатысты оны қамтамасыз ету және жүзеге асыру маңызды ерекшеліктерге ие. Бұндай халықтардың тілін, мәдениетін және дәстүрлі сенімін сақтау арнайы ұлттық әлеуметтік және құқықтық институттардың қалыптасуын талап етеді. Унитарлыққа қарағанда федеративті мемлекеттерде бұл міндеттерді шешу күрделірек, себебі, мемлекеттік билік деңгейлері арасында өкілеттіліктердің шекарасын талап етеді. Зерттеу пәні ретінде Ресейдің азиялық бөлігінде (атап айтқанда, Сібірде) аумақтық жағынан орналасқан ресей Федерациясының субъектілеріндегі тілдік, мәдени және діни бірегейлікті қамтамасыз ету тәжірибесі есептеледі. Себебі, бұл аймақта осындай халықтардың едәуір көп бөлігі орналасқан және бұл мәселеде аймақтық саясат әр алуан болып табылады.

Автор Ресейдегі байырғы халықтардың ұлттық ерекшеліктеріне тән құқықтық жағдайының  Конституцияда айқындалуына назар аударып, оның тарихи негіздемесін дәлелдейді; индустриалды және постиндустриалды (ақпараттық) мәдениеттің қалыптасуы жағдайында байырғы халықтардың  негізгі мәселелері жүйеленген, қарым-қатынастың ақпараттанған және бұл тілдердің диалектілік әртүрлілігі жағдайында Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыстың аз байырғы халықтардың тілдерін сақтау жөніндегі аймақтық саясат талданған. Өзіндік мәдениетті сақтауда басты фактор - осы халықтардың дәстүрлі шаруашылықтық аумағын өнеркәсіптік игеру жағдайындағы дәстүрлі өмір салты екендігі  көрсетілген; оның институционалды және құқықтық қорғау бағыттары аталған. Діни саладағы ассимиляциялық үрдістер ерекше айқын және үнемі қайтымсыз болса, білім, коммуникация және тұрмыс саласындағы ассимиляциялық үрдістер айқын көрінбейді.

Федералды және аймақтық заңнаманы  дамытудағы жаңа тенденциялардың арқасында Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыстың байырғы аз халықтарының құқықтарын қорғаудың аймақтық институттары жүйеленген, ерекше аймақтық құқықтық институт болып табылатын Ресей Федерациясының субъектісіндегі байырғы аз халықтардың аймақтық моделдеріне сипаттама берілген.

Түйін сөздер: байырғы аз халықтар; байырғы халықтар; аборигендер; бірегейлік; байырғы халықтардың өкілетті өкілдері; Ресей Федерациясының субъектісінде байырғы аз халықтардың құқықтары жөніндегі уәкіл.

Посткеңестік кеңістіктегі демографиялық дамуды басқару

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5. №3. 446-457

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-446

Еремин Алексей Алексеевич

география ғылымдарының кандидаты, экономикалық география және картография кафедрасының доценті, Алтай мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, 656049, Барнаул, Ленина даңғылы, 61; мемлекеттік және муниципалды басқару кафедрасының доценті, РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылық және мемлекеттік басқару Академиясының Алтай филиалы, Ресей Федерациясы, Барнаул қ.,E-mail: eremin.alexey@mail.ru.

Астрелин Алексей Михайлович

студент, Алтай мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, Барнаул қ. E-mail:
l-astrelin@mail.ru

 

Аңдатпа. Бұл жұмыс посткеңестік кеңістіктегі елдердің демографиялық дамуын басқаруды талдауға арналған. Демографиялық даму және мемлекеттік демографиялық саясат түсініктері жан - жақты қарастырылып, КСРО ыдырығаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі халықтың өсімін молайту (туу, өлім) және көші-қон үрдістері саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары талданған. Мақалада демографиялық саясат, оны жүзеге асырудың тетіктері мен қағидаларының нормативті-құқықтық базасын зерттеуге басты назар аударылған. 

Авторлар бірінші кезекте, Ресейдегі қазіргі кезеңдегі демографиялық саясатты талдайды. Халық санын басқару негізі ретінде 2025 жылға дейінгі Ресей Федерациясының демографиялық саясат Концепциясының маңызды рөлі көрсетілген. Ресейде демографиялық жағдайға мемлекет федералды, сонымен қатар, аймақтық деңгейде ерекше назар аударылатындығын байқауға болады. Авторлар Шығыс Еуропаның посткеңестік елдеріндегі (Белорусь, Молдова, Украина)  демографиялық бағдарламаларды жүзеге асыру ерекшеліктерін сипаттайды. Одан кейін, Закавказьяның посткеңестік кеңістік елдеріндегі (Әзірбайжан, Армения, Грузия) демографиялық дамуды көрсететін құжаттарды талдайды.  Мемлекеттік басқарудың бұл саласы әлсіз жағынан көрінеді, отбасылық-демографиялық саясат саласындағы басты құжат ретінде отбасы кодексі есептеледі, ал қандай да бір демографиялық бағдарламалар өңделгенімен де елдің демографиялық өміріне шынайы әсер етуші жоба ретінде болуы сирек кездеседі. Орталық Азияның (Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) посткеңестік кеңістік елдерінде демографиялық үрдістерді басқарудың талдауына ерекше көңіл бөлінген. Шолу Прибалтика (Латвия, Литва, Эстония) елдерінің демографиялық құжаттарын қысқаша қарастырумен аяқталады. Авторлар соңында интеграциялық бірлестіктер шеңберінде екі жақты өзара әрекет түрінде посткеңестік кеңістіктің барлық елдері демография саласында өзара тығыз қарым-қатынаста болу қажеттігі туралы қорытынды жасайды.

Түйін сөздер: демографиялық даму;  демографиялық саясат; демографиялық саясат концепциясы; отбасы саясаты; демографиялық бағдарлама; демографиялық стратегия; ұлттық  стратегия; посткеңестік.

Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы өзара этномәдени қатынастар тарихы ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеу контексінде

Үлкен Алтай әлемі 2019. Т.5. №3. 458-469

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-3-458

Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы, Қазақстан Республикасы, Шевченко, 28, PhD докторы, koz.mahabbat_85@mail.ru

Мамытова Сәуле Нәсенқызы,

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов, 64, тарих ғылымдарының докторы, mamutova-pvl@mail.ru

 

Аңдатпа: Ғылыми мақала XVIII-ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы өзара этномәдени қатынастар тарихын, этнодемографиялық үдерістердің ерекшелігін ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеу контексінде зерделеуге арналады. Мақалада авторлар өзара этномәдени қатынастар эволюциясы мен өзіндік бейнесін тарихи ретроспектива жағынан көрсетуге талпыныс жасайды, негізгі акцент автохтонды қазақ халқы мен әр түрлі кезеңдерде қоныс аударып келген этностармен өзара қатынасына жасалады. Соның ішінде авторлар қоныс аударған халықтар мен жергілікті қазақ ұлты арасындағы өзара этномәдени байланыстар үрдісіне талдау жасалып, аймақтағы төңкеріске дейінгі, содан кейін кеңестік кезеңдегі күштеп модернизациялау, ұжымдастыру мен индустриализациялау кезіндегі соғысқа дейінгі урбанизацияға ықпал еткен  этнодемографиялық өзгерістер үдерісі, халықтарды күштеп депортациялаудың салдарлары қарастырылады. Авторлар депортация және сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі, яғни Павлодардағы Ертіс бойына поляктар, немістер, күрдтер, армяндар, корейлер, ассииялықтар, қалмақтар, шешендер, қырым татарлары, балқарлар және т.б. жер аударылып жатқан кездегі этникааралық байланыстар үдерісін зерттейді. Өз кезегінде қоныс аударушылар ағыны көрінісінде аймақтық социумда қазақтардың үлес салмағының біршама төмендеуі байқалады. Авторлар кеңес кезеңіндегі өзара этномәдени байланыстардың мазмұны ұлттық шекараларды өшіру қажеттігі туралы, кеңес халқы деп аталатын жалпы қауымды қалыптастыру туралы идеологиямен анықталды деген тұжырымға келеді. Бұл этникалық өзіндік ерекшелікті сақтау мүмкіндігін барынша шектеді. Бір жағынан, дәл осы уақытта полиэтникалық Қазақстан халқының негізі қалыптасып, қазіргі Қазақстан қоғамына тән этникааралық төзімділікті, қоғамдық келісімді қалыптастырудың белсенді аймағына айналады.

Түйін сөздер: Ұлттық бірліктің қазақстандық моделі; өзара этномәдени байланыстар; Солтүстік және Солүстік-Шығыс Қазақстан; әскери казактар отарлауы; шаруа-переселендер; демографиялық үдерістер; ұжымдастыру; индустриализациялау; депортация; «спецпереселендер».

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon