Шығарылымның жауапты редакторының алғы сөзі

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға «Ұлы Даланың жеті қыры» атты  журналдың  кезекті тақырыптық саны ұсынылады. Біздің авторлардың назарынының нысаны Ұлы даланың бірегей тарихының  санқырлылығы  және алуандылығы, зерттеу субъектісі – оның мұралары болды. «Жаңа тарихи ғылым» контекстінде антропологиялық, әлеуметтік және жеке тарихтың көп салалы көзқарастарының қиылысында бірегей зерттеу бағыты қалыптасуда. Бұрын тасада қалған тарихи кейіпкер мүлде жаңа таңғажайып мазмұнмен толықтырылады. Сипатталған  жеке тұлғаны реконструциялау қоғаммен тығыз қарым-қатынаста жүреді, бұл көп деңгейлі үрдістерді анықтай отырып, әлеуметтік тарихтың зерттеу құрылымын айқындайды.

Осы басылымда тарихи тұлғаларға арналған тақырыптық жарияланымдар ұсынылған. З.Г. Сақтағанова «Райымбек Албан Батыр: ол туралы не білеміз?» - деп сұрақ қойып және жауап береді. Автор бар материалдарды жүйелі талдау негізінде Райымбек қолбасшысының әскери іс-қимылдарын сипаттай отырып, қызықты сюжеттер мен өмірбаян үзінділерін ұсынды. А.Т. Абдуллина «Бөкей ханның Қазақ халқының тарихындағы маңызы туралы мәселеге» мақаласында Бөкейханның қазақ даласының тарихындағы рөлі мен орнына назар аударды. Автор Ішкі Ордада қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымы белсенді түрде өзгеріп, әлеуметтік күнделікті өмір өзгеріп, халық санының артуы байқалды деп тұжырымдайды.

Ұлт-азаттық қозғалыс тарихының мәселелерін жеке тарих шеңберінде және  мұсылман факторын  Б.К. Смағұлов, А.Д. Құникеевтер «Жанқожа Нұрмұхамедұлы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының біртуар өкілі ретінде» және З.Т. Садвокасова: «Мұсылман  діни қызметкерлерінің ұлт-азаттық қозғалыстарға  қатысуы» атты мақаларында  қарастырады. Қазақ халқының ұлы  перзенті Ш. Уәлихановтың зерттеу тәжірибесінің маңыздылығына Г.К. Мұқанованың «Ш.Ш. Уәлихановтың Алтай және Шыңжаң түріктері туралы еңбектерінің өзектілігі» атты мақаласы арналған. Автор Шоқан Уәлихановтың есептері мен жазбаларын кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдермен, қайта басылымдармен салыстыра отырып, түпнұсқадан едәуір алып тастауларды анықтады. «Тарихи тұлғалар тағдырындағы Алаш тарихы (Алаштың Жетісудағы қайраткері Ыбырайым Жайнаковтың тарихи бейнесі)» мақаласының авторлары .М. Төленова, Р.Е. Оразов  ХХ ғасырдың басындағы революциялық оқиғалар мен Алаш қозғалысының қалыптасуы аясында Ыбырайым Жайнақовтың өмірі мен қызметін зерттеді.

Палеолит кезеңінің маманы, әлемге танымал белгілі археологтардың бірі Қ. Таймағамбетов «Шульбинка стратифицирленген тұрағы мысалында Қазақ Алтайының тас ғасыры (Шығыс Қазақстан)» мақаласын ұсынды. Онда мәдени көкжиектер, стратиграфиялар, Шүльбі ГЭС-ы құрылысы кезінде Қазақстан Респуб
ликасының Шығыс аймағында автор анықтаған палеолит дәуірінің стратифицирленген Шульбинка тұрағының көптеген артефактары егжей-тегжейлі баяндалды. 
Алтайлықтардың жерлеу ғұрыпының прагматика және бейнелілік жанры Н.Р. Ойноткинованың  жарияланымынан көрініс тапты. Қарастырылып отырған ғылыми мәселе алтайлықтардың жерлеу-еске алу салтының жанрларын бөлумен, сондай-ақ осы мәтіндердің семантикасын зерттеумен байланысты. У.М. Сандыбаева, Г.М. Альжанова «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі «естелік орындар»: қоғамдық кеңістіктегі коммеморация үрдістері» ғылыми жобасы аясында жүргізілген дала зерттеулеріне негізделген «Естелік орындар» аймақтың мәдени капиталы ретінде: Баянауылдың киелі әлеуеті» мақаласын ұсынды.

А.Б. Есімованың «Кеңес плакаттарындағы экологиялық тақырып» атты мақаласы визуалды тарих ретінде жаңа зерттеу өрісін көрсетеді. 

 

Құрметпен,  шығарылымның  жауапты редакторы А. С. Жанбосинова

Батыр Райымбек Албан: ол туралы не білеміз?

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 479-490

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-479

 

Сақтағанова Зауреш Ғалымжанқызы

тарих ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер Орталығының директоры, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан. E-mail: zauresh63@mail.ru

 

Аңдатпа. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қазақ хандығы орталықтандырылған хандық билік орнаған қуатты этносаяси мемлекеттік құрылым болып табылды. 1790-жылдары көшпелі-жоңғарлар жайылымдық жерлерді жаулап алу мақсатында қазақ даласына басқыншылығын күшейте түсті. Бірақ күшті хандық биліктің қоластындағы қазақтар олардың басып алушылық жорықтарына тойтарыс беріп, қазақ жерлерінің есебінен өз территориясын кеңейтуіне ешбір мүмкіндік бермеді. Тәуке қаза болғаннан кейін қазақ хандығы айтарлықтай күрделі жағдайда болды. ХVІІІ ғасырдың екінші онжылдығының соңы – үшінші онжылдығының басында көршілермен қарулы қақтығыстардың өсуі, биліктегі үстемдік үшін хан мен сұлтандар арасындағы жанжалдар мемлекеттің орталықсыздандырылуына алып келді. Осындай күрделі саяси жағдайларда оңтүстік-шығыс көрші тарапынан агрессияның болуы сөзсіз еді. Жоңғар хандығы қазақ жеріне белсенді түрде басып кіруді бастады. Отанын жоңғар шапқыншылығынан қорғауға байланысты бұл күрделі кезең, басқыншыларға қарсы осы қорғанысты ұйымдастырған атақты тұлғалардың пайда болуына ықпал етті. Осындай кейіпкерлердің бірі, тарихи тұлға - Орта жүздің Албан тайпасынан шыққан Райымбек батыр болды. Райымбек батырдың есімі халықтың тарихи жадында қалды, алайда қазақтарда жазудың болмауына байланысты, оның ғұмырнамасы, өмірі мен  жауынгерлік жолы,  аңыздарға толы ерліктері мен іс-әрекеттері толық және сенімді фактілер негізінде  егжей-тегжейлі, терең зерттелуі мүмкін емес. Батырдың өмірбаяны дастандарда, эпостарда, мифтерде, аңыздарда және т.б. сақталған аздаған үзінділермен және көбінесе жарияланымдарда қайталанатын түрлі нұсқалар мен түсіндірмелер түрінде берілген. Бұл мақалада қолдағы бар материалдар жүйеленіп, батыр әрі қолбасшы Райымбектің өмірбаяны мен  жауынгерлік, әскери жолының жеке сюжеттері мен үзінділері көрсетілген. 

Түйін сөздер: Қазақстанның жаңа заман тарихы, ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихы, қазақ-жоңғар соғыстары, қазақ батырлары, батырлар институты, Райымбек батыр..

Бөкей ханның қазақ халқының тарихындағы маңызы туралы мәселеге

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 491-508

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-491

 

Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы

тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, E-mail abd_aksunkar@mail.ru

 

Андатпа. Мақалада Ресей императоры І Павелдің 1801 жылғы 11 наурыздағы жарлығына сәйкес Жайық пен Еділ өзендері арасында Бөкей хандығын құрудағы  Бөкей ханның  қызметі негізінде қазақ халқының тарихындағы маңызы туралы айтылады. Жаппай қоныс аудару фактісі Кіші жүздің дворяндары мен қарапайым көшпелілер арасында Бөкей ханның беделін дәлелдейді. Бөкей бастаған Кіші жүздің байулы, жетіру, әлімұлы ру-тайпалық құрылым қазақтарының өзендер арасына қоныстануы, олардың шаруашылығының дамуына ықпал етті: олар жаңа жерлерде мал үшін өте қажет болған мал жайылымдарына ие болды, мал басын көбейтті, сауда-саттықпен, белсенді айналыса бастады. Жәрмеңке дамыды. Бөкей хан кезінде халықтың демографиялық өсуі басталды. 1897 жылғы бірінші Бүкілресейлік халық санағының мәліметтеріне сәйкес Бөкей ордасында 214796 тұрғын болды, оның ішінде ең басым топ қазақтар болды. Бөкей білікті дипломат ретінде кейбір түрікмен рулары хандығының этникалық құрамына кіруіне ықпал етті, сонымен қатар, хиуалықтардан қашып, Бөкейден қорғауды сұрағандар мен жайылымдық жерлерге мұқтаждарды да хандық құрамына қосып алды. Бөкей хан 1812 жылы оны хан етіп бекіткен патша әкімшілігінің сеніміне ие болды, бірақ оның Ішкі Ордадағы артықшылығына және империяға деген адалдығына наразы көптеген саяси қарсыластар болды. Алайда, ол казактар мен орыс шаруаларының қысымына ұшыраған қазақ малшыларының мүдделерін қорғауға күш салды, сонымен қатар император Александр I-ден Н.Б. Безбородко графтың жағалауындағы иеліктен жерлерді көшіруді сұрады, өйткені қазақтар қатты қыс және тайғақ жылдары мал үшін жарамды жайылымдардың жетіспеуіне байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осылайша, Ресей империясынан хандыққа рұқсат алған Бөкей хан хандық билік институтының империя аумағында ұзақ сақталуына әсер етті. Себебі, басқа қазақ жүздерінде хандық билік XIX ғасырдың бірінші ширегінің соңына қарай таратылған болатын. Сонымен қатар, Бөкей ханның қызметі қазақ этносы санының сақталуы мен көбеюіне әкелді. Қазақ хандығының аумағында қазақ-орыс сауда-экономикалық және мәдени байланыстары күшейе түсті, мал шаруашылығының көшпелі түрін жартылай көшпелі және жартылай отырықшыға айналдыру үрдісі басталды, қазақ ауылының дәстүрлі құрылымы өзгеріп, еуропалық өмір салты мен стандарттарды қайта қабылдаған қазақ ақсүйектерінің тұрмысы өзгерді. Ішкі Орданың құрылуына байланысты кеңестік кезеңде оның аумағының көп бөлігі 1920 жылы Қазақ КСР құрамына енді.

Түйін сөздер: Ішкі Орда, өзенаралық, көші-қон, жайылымдар, Ресей империясы, хандық билік.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының біртуар өкілі ретінде

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 509-525

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-509

Смағұлов Болат Құдайбергенұлы

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, E-mail: bolat_alemdar@mail.ru

Күнікеев Аман Дәулетұлы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, E-mail: aman.kunikeyev@mail.ru

 

Аңдатпа. Осы мақалада қазақ халқының біртуар тұлғасы, әскери қайраткері болған Жанқожа Нұрмұхамедұлының әскери қызметіне талдау жасалды. Осы адамның қызметі Қазақстан, сондай-ақ Хиуа және Қоқан хандықтарының тарихымен байланыста қаралады. Дәлірек айтқанда, еңбекте Жанқожа Нұрмұхамедұлының қатысуымен жауларға қарсы жасалған көтерілістер зерттеліп, осы тұлғаның Қазақстан тарихындағы рөлі айқындалады Содан басқа, авторлар аталған мәселенің тарихнамалық жағына да көңіл бөледі. Атап айтқанда, жекелеген ғалымдардың осы тақырыпқа немесе оның кейбір қырларына арналған еңбектеріне назар аударады, көрсетілген тарихи тұлғаға деген ызығушылық соңғы жылдары артты, бірақ сонымен қатар, Жанқожа Нұрмұхамедұлының әскери қызметін зерттеуінде белгілі олқылықтар бар. Жұмыста орыс әскерлерінің Орта Азия өңіріне жылжуымен байланысты Оңтүстік Қазақстандағы әскери-саяси жағдай талданады. Дәлірек айтқанда, авторлар Ресей империясының Сырдария өңіріне дендеп енуі мен соның патша әкімшілігіне бағыну мән-жайын айтып отыр. Сонымен қатар, Жанқожа Нұрмұхамедұлының шапқыншыларға тойтарыс көрсетудегі рөліне назар аударылады. Соған байланысты, оның әскери тәжірибесі, Хиуа хандығының сол кездегі батырға жекпе-жекке шыққаны, Созақ қаласын қоршап, басып алғаны қаралады. Авторлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы Хиуа хандығының Арал мен Сырдария өңіріне әскери жылжуына қарсы тұруды ұйымдастыруда едәуір рөл ойнаған деген байламға келді, атап айтқанда, Қуандариядағы Хиуа бекінісі мен Сырдарияның төменгі ағысындағы Хиуа әскерлерін талқандаған деп, қорытынды шығарды. Сонымен қатар, мақалада Ресей империясының көрсетілген өңірдегі әскери ықпалын күшейту тәсілдері, Жанқожа Нұрмұхамедұлының Ресей билігіне бағынып, дипломатиялық, бітім және әскери әрекеттерін қамтитын Ресей саясатын бұдан әрі қолдағаны қаралады.

Түйін сөздер: Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Қазақстан тарихы, қазақ көтерілістері, қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы, Хиуа және Қоқан хандықтары

Мұсылман діни қызметкерлерінің ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысуы

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 526-541

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-526

 

Садвокасова Закиш Түлеханқызы

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, , Шевченко көш., 28., Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: tungatar_k@mail.ru

 

Аңдатпа. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ресейлік самодержавияға жауап  жауап ретінде болды. Оған қарапайым көшпенділерден бастап, қазақ ақсүйектерінің өкілдеріне дейін тұрғындардың барлық топтары қатысты. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұсылман діни қызметкерлерінің наразылықтары туралы зерттеулер өте аз. Кеңестік кезеңде тұрғындардың  бұл тобын таптық жау ретінде санап, баррикаданың арғы бетіндегі топ ретінде көргендіктен, олардың қызметіне дұрыс баға беру мүмкін болмады. Кез келген дін, соның ішінде мұсылман, марксистік идеологияның бітіспес жауы ретінде қарастырылғандықтан, атеизмді насихаттау діни ілімдермен күрестің құралы болды. Осындай қалыптасқан жағдайларда халыққа қызмет ету ретінде көрсетпегеннің өзінде олардың қызметтерін зерттеу  туралы тіпті сөз де болмаған. Коммунистік идеология жойылғаннан кейін конфессиялық тақырыптарға байланысты алғашқы ғылыми еңбектер, негізінен, діни ұстанымдарға және кеңестік қоғамда  оларға қарсы жасалған қысымға қатысты болды. Ғылыми әдебиеттерде мұсылман діни қызметкерлерінің ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуы жеткілікті түрде зерттелінбеді. Әдіснамалық көзқарастардың өзгеруіне байланысты зерттеушілер ислам діни қызметкерлерінің халық өміріндегі орны мен рөлін объективті зерделеу мүмкіндігіне ие болды. Зерттеушілер Ресей үкіметінің, орыс православие шіркеуінің исламға және мұсылмандарға деген көзқарастарына назар аударды. Мақала жазуда қолданылған жаңа құжаттық материалдар діни басшылардың патшалық шенеуніктермен, жаңа тәртіппен, мұсылман халқына қатысты жүргізілген саясатқа қарсы күреске қатысуындағы жаңа қырларын ашуға көмектесті.

Түйін сөздер: ұлт-азаттық қозғалыс; мұсылмандар; қазақтар; наразылық; молдалар; күрес; қарсылық; орындау; ислам қызметкерлері.

.

Шоқанның Алтай және Шыңжан түріктері туралы шығармаларының өзектілігі

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 542-565

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-542

Мұқанова Гүлнар Қайроллақызы

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, баспа және дизайн кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, Е-mail: Gulnar_mukanova@mail.ru

 

Аңдатпа. Мақала авторы Алтай, Жетісу және Синьцзян түріктері туралы тарихқа, гидрологияға және этномәдениетке қызығушылық танытқан бірегей материал беретін гипертексттер призмасы арқылы Орталық Азияның революцияға дейінгі кезеңдегі шетелдік зерттеушілерінің ғылыми еңбектерін қарастырады. Түркі қауымдастығында жазбаша тіл мен мемлекеттіліктің дәлелдері табылған. Өңірдегі қазақ зерттеушілерінің ішінде өзінен бұрынғы адамдардың мәтіндерін сыни тұрғыдан игерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) еңбектері бар. Оның жазбаларында бірқатар еуропалық саяхатшылар мен қытай дерекнамаларының, шығыстанушы Н.Я. Бичуриннің (Иакинф) бірегей аудармалары бар. Жаһандану дәуіріндегі заманауи шығыстанушының құралдары гипертекст сияқты дереккөздерді талдаудың жаңа әдісімен толықтырылды. Цифрландыру әдісімен ірі кітапханалар мен мұрағаттар сайттарында бүгінде сирек кездесетін қолжазбалар мен баспа басылымдары орналастырылған. Бұл сирек кездесетін басылымдарға қол жетімділікті айтарлықтай жеңілдетеді және әр түрлі жылдардағы басылымдардың мәтіндерін салыстыруға мүмкіндік береді. Мақала авторы гипермәтінді зерттеді – 1904 жылы жарияланған, Шоқан Уәлихановтың баяндамалары мен жазбалары. Оны кейінгі, кеңестік кезеңмен салыстырғанда, түпнұсқадан айтарлықтай босатулар бар. Қазақстандық ғалымның түркі қоғамының тарихы мен құрылымына, тұрғындардың жеке кәсібіне қатысты бірқатар пікірлері бүгінде археологиялық олжалар арқылы расталады. Мақалада Шоқан Уәлихановтың шығыстанушы және синьцзятанушы ретіндегі еңбектері көкейтесті, 1904 жылғы басылымда айтылған терминология мен тарихнама мен этимологияға экскурсия бар. Атап айтқанда, мақала авторы түрік тілінен шыққан «ауз» (темір ұстасы) сөзін (қазақтар, татарлар, қырғыздар, қарақалпақтар, өзбектер, якуттар) Кавказдың бірқатар түркітілдес емес халықтары (даргиндер, грузиндер, армяндар) қоныс аудару және қоныс аудару нәтижесінде алғанын білді. өткен тауарлармен алмасу. Ш.Уәлихановтың еңбектері Алтай-Шыңжаң орналасуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде гидронимдер мен оронимдерді, түркі халықтарының тарихи мекен-жайларын және басқа да дәлелді түсініктеме алмаған басқа да қызықты мәліметтерді көрсетті.

Түйінді сөздер. Алтай; Шыңжаң Бичурин; Шоқан; қазақтар; түркі сөздер; шығыстану; тарих; гидрография; темір ұстасы

Тарихи тұлғалар тағдырындағы Алаш тарихы

(Алаштың Жетісудағы қайраткері Ыбырайым Жайнаковтың тарихи бейнесі)

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 566-585

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-566

Толенова Зирабубы Маймаковна

Жетекші ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ ҒК Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, доцент, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Е-mail: tolenova@mail.ru

Оразов Рашид Ешенович

ҚР БҒМ ҒК Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімі Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Е-mail: r.o.e@mail.ru

 

Аңдатпа. Бұл мақалада ҚР мемлекеттік мұрағаттары қорларында сақталған мұрағат деректері материалдары бойынша Ыбырайым Жайнақовтың өмірі мен қызметі зерттелініп, Алаш тарихымен байланысты оқиғалардың хронологиялық  бірізділігін анықтауға, Алаш қозғалысы қатысушыларының өмірі мен қызметі бойынша фактілерді айқындауға мүмкіндік берді. Алаш өозғалысының көшбасшыларының бірі ретінде Жетісу тарихында өшпес із қалдырған Ыдырайым Жайнақовқа ерекше назар аударылған. Аударма ісі мен қоғамдық белсенділікті өзара ұштастыра білген Ы. Жайнақовтың жеке тұлғалық бейнесі Жетісудың қазақ-қырғыз босқындарына көмекті ұйымдастыру кезінде ерекше айқын көрінді. Ы.Жайнақов төрағалық еткен Жетісу облысының қазақ комитеті Қытайдан қайта оралған қазақ-қырғыз босқындарына алғашқы болып қол ұшын бергендердің бірі болды. Ы. Жайнақовтың белсенді позициясы Жетісудағы азаттық көтерілісте де көрінді. Онда ол халықты қарулы қақтығысқа бармауға шақырып, халықты қанды қырғыннан аман сақтап қалуға тырысып, қайшылықты бейбіт жолмен шешуге барлық күш-жігерін жұмсады. Кеңес өкіметі тұтқындау, қудалау жүргізу арқылы Ы. Жайнақовтың қазақтың ортасында көшбасшылық етуіне кедергі жасады. Нәтижесінде ол Қазақ Автономиясын тастап, Қытайға кетуге мәжбүр болады. Тарихнамалық шолу мен деректерді талдау барысында Алаш пен Алаш Орданың жеке тұлғалар тарихының әлі де болса, толық зерттелмегендігін көрсетеді. Аталмыш мәселені зерттеу тәжірибесінде жүйелі пәнаралық тәсілдің болмауы тек дерекнамалық базаның аздығынан ғана емес, сонымен қатар, маңызды оқиғалардан тыс  Ы. Жайнақов сияқты тұлғалар назардан тыс қалады.

Түйін сөздер: Алаш, жетісу, Ыдырайым Жайнақов, көтеріліс, 1926 жыл, төңкеріс, ұлт, қайраткер, партия, еркіндік

Шульбинка стратифицирленген тұрағы мысалында қазақстандық Алтайдың тас ғасыры (Шығыс Қазақстан) 

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 586-614

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-586

Таймағамбетов Жакен Кожахметович

ҚР Ұлттық мұражайының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Нұр-Сұлтан, Қазақстан,  E-mail:zhaken.taimagambetov@gmail.com

Дуванбеков Руслан Сабирович

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің докторанты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан, E-mail: shokan-@mail.ru

 

Аңдатпа. Мақала алғаш рет геологтар тапқан белгілі археологиялық материалдар мен откен ғасырдың 50-жылдары Бұқтарма су электросанциясын салу кезіндегі археологтардың зерттеу нәтижелерінен негізіндегі қысқаша мәліметтерден тұрады. Бүгінгі күні олардың көбі суқоймасының суы астында қалған.   Өкінішке орай, әдебиеттердің қол жетімсіздігіне байланысты кеңестік кезеңнің зерттеулері бұл саланың мамандары емес адамдарының арасында көбінде бұрмаланып түсіндіріледі. Біздің міндетіміз – объективті баға бері. Осыған сәйкес, мақалада Шульба ГЭС-ін салу барысында авторлар Қазақстан Республикасының Шығыс аймағында тапқан палеолит дәуірінің Шульбинка  тұрағының мәдени көкжиегі, стратиграфиясы, көптеген артефакттері тереңірек қарастырылған.  Соңғы жылдарға дейін аталған аймақта ол жерлеу түріндегі (in situ) жалғыз тұрақ болып табылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда бұл мәселені зерттеушілер үшін қол жетімсіз болған ресейлік басылымдарда жарияланды. Ескерткішке мустьеден жоғарғы палеолитке өту кезеңіндегі мәдени-тарихи сипаттамасы жасалған. Ескерткіш ГЭС суы астына кетпей тұрып, артефакттар арасында леваллуа техникасына жататын мустьерлік кешендер анықталған болатын. Бұл жерде Қазақстан және оған шекаралас аумақтарда мустье мен палеолит саласындағы жаңа жетістіктермен қатар, Жапонияда жапон тілінде осындай ескерткіштерге басқа да сипаттамалар жасалғанын атап өткен жөн. Қазіргі кезде біріккен Қазақстан – Ресей археологиялық эспедициясының жұмысы барысында 2016 жылы Зайсан ауданында бірегей, көпқабатты, жоғарғы палеолиттік Үшбұлақ-1 тұрағы табылып, зерттелуде.  Экспедициялық жұмыстар аяқталған соң Шығыс Қазақстанның палеолиті туралы көлемді мәліметтер ғылыми айналымға енгізіледі. 

Түйін сөздер. Стратиграфия, кеңістік, артефакттер, палеолит, фауна, мәдени қабат, нуклеус, ретушь, шурф, патина, леваллуа.

Алтайлықтардың жерлеу рәсімдеріндегі жанрлардың прагматикасы мен образдық құрылымы

 

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 615-628

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-615

Ойноткинова Надежда Романовна

филология ғылымдарының докторы, Сібір халықтарының фольклорлық секторының жетекші ғылыми зерттеушісі, ҒФМБМ Филология институты, ак.Николаев к., 8, каб. 205, Новосибирск қ., Ресей, E-mail: sibfolklore@mail.ru

 

Аңдатпа: Мақала Оңтүстік Сібірдегі түркілердің жерлеу рәсімдеріндегі сыгыт ‘жоқтау’ и кереес сӧс ‘еске алу’ жерлеу рәсімдеріндегі сыгыт, жоқтау және кереес сӧс (еске алу) жанрларының прагматикасы мен образдық құрылымына арналған. Зерттеу материалын ХХ ғасырдың басы мен соңында алтайлықтардың әр түрлі диалектілік топтарынан (телеут, шалқанды, куманды, теленгит, туба, алтай) жазылып алынған мәтіндер құрайды. Алға қойылған ғылыми мәселе алтай халқының жерлеу және аза тұту рәсімдерінің жанрларын жіктеумен, сондай-ақ осы мәтіндердің концептуалды семантикасын зерттеумен байланысты. Сыгыт жанры сезімдік-бағалаушылық қызмет атқарады: ол қайғы-қасіретті жеткізу, жақынынан айрылудың ауырлығын білдіру үшін орындалады. ХХ ғасырдың басында жазылып алынған жылау өлеңдеріне бейнелілік пен тұспалдап айту қызметін атқаратын метафоралардың жетілген жүйесі тән. Аза тұтқан адам мен қайтыс болған адамның арасындағы диалог түрінде құрылған жоқтаулардағы риторикалық сұрақтар о дүниеге аттанғандарға деген өкініш пен қайғы-қасіретті білдіруге мүмкіндік береді. Жылау өлеңдерінің басты сарындары арғы дүниеге апаратын жол, өмірдің қайта келмейтіндігі болып табылады. Кереес сӧс сияқты келесі бір жанрға марқұмның адами қадір-қасиетіне баға беру, оның отбасының қайғысына көңіл айту тән. Ондағы қысқаша бата-формулалар арбау мақсатында, яғни қайтыс болған адамның рухының тірілер әлеміне келетін жолын жабу үшін айтылады.

Түйін сөздер: Алтай халқы, фольклордың поэзиясы мен прагматикасы, алтай халқының арасында жоқтау, жоқтау, жерлеу рәсімдері

«Естелік орындар» аймақтың мәдени капиталы ретінде: Баянауылдың киелі әлеуеті

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 629-647

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-629

Сандыбаева Ұлболсын Майтановна

философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, Янушкевич к, 6. Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы, E-mail: ulbolsyn.enu@gmail.com 

Альжанова Гаухар Миржановна

гуманитарлық ғылымдар магистрі, ассистент кафедры философии, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жеңіс 62 даңғылы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы,
E-mail: agogim@mail.ru

 

Аңдатпа: бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында жергілікті тарих пен мәдениетке, ру естеліктерінің тәжірибелеріне қызығушылық, естелікті белсенді мемориалдандыру байқалады. Бір жағынан, бұл беталыс түрлі жобаларға бастау алатын мемлекеттік саясатпен қолдау табады. Екінші жағынан, бұл мемориалдандыру естеліктері түрлі акторларды бей-берекет іске асырады. Бұл мән-мәтінде П. Нордың терминологиясына сәйкес, естелік орындары «үстемді» және «үстемдеуші» ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы мақалада елімізде бірегейлі табиғи, мәдени жертарап және зор символикалық капиталы бар жер ретінде әйгілі Павлодар облысының Баянауыл аймағына назар аударылады. Біз аймақты киелі «естелік орындар» оптикасы арқылы қарастырамыз. Олар тек коммуникативті ғана емес, сонымен бірге қасиетті және объективтендірілген  мәдени естелікті білдіреді. Жергілікті және ұлттық маңызы бар Мәшхүр Жүсүп Көпеевтің кесенесі түрлі тәжірибешілермен қажылық жасаудың белсенді орны  болып табылады. Бұл кесене Қазақстанның 100 киелі объектілерінің ресми тізіміне кіргізілген. Оның киелілігі, әдеттен тыс әрекеттері туралы нарративтер аймақтың символикалық капиталы ретінде болады. Бізге осындай нарративтер жайлы мұражай-мемориалдық кешеннің жергілікті қызметкерлері де, қажылар да айтқан болатын. Осы байқаулардың негізінде салттық естеліктер, қажылардың нарративтері, киелі орындардың инфрақұрылымы сипатталған. Жалпы, аймақтың ерекше мәдени ландшафты мен символдық капиталы мәдени, қажылық және біліми туризмнің танымалдылығына септігін тигізеді. Мақала «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі «естелік орындар»: қоғамдық кеңістіктегі коммеморация үрдістері» ғылыми жобасы аясында жүргізілген дала зерттеулеріне негізделген. 

Түйін сөздер: естелік орындар, киелі жерлер, Баянауыл, кесене, мазар, мұражай, мәдени жады, ұжымдық жады, мәдени жертарап, киелі география

Кеңес плакаттарындағы экологиялық тақырып

Үлкен Алтай Әлемі 2019 Т.5.№4. 648-660

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-4-648

Есимова Айгуль Бегеновна

тарих ғылымдарының кандидаты, Оңтүстіқ Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, Шымкент қ., E-mail: ayessimova@gmail.com

 

Аңдатпа. Визуалды материалдар қоғамдық өмірдің түрлі аспектілерін талдау үшін үлкен зерттеу алаңы болып табылады. Әлеуметтік өзгерістер және белгілі бір әлеуметтік мәселелердің өзектенуі кейбір визуал тақырыптардың сан басымдылығы арқылы көрінеді. Кеңестік мемлекеттік монополия мемлекетке визуализацияға ықпал ету мүмкіндігін берді. Визуалды мұрағаттарды талдау әр түрлі тарихи кезеңде белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік тарихын толтыруға көмектеседі. Әлеуметтік проблематиканың визуализациясының маңыздылығын түсіну кеңес плакаты сияқты феноменді туғызды. Кеңестік экологиялық плакат кеңес плакатының тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ол экологиялық проблеманың маңыздылығы мен табиғатты сақтау мәселелерін шешу үшін Кеңес мемлекетінің ұсынған жолдарының жарқын дәлелі болып табылады. Плакат-мемлекет өміріндегі тарихи кезеңдерді бейнелейтін айна. Плакаттың әрбір даму кезеңі осы тарихи уақыттың таңбасы болып табылатын ерекше сипатқа ие. Экологиялық плакаттың дамуы мен қалыптасуының хронологиялық шеңберін талдау оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болатынын көрсетеді. Бірінші кезең кеңестік плакат өнерінің пайда болуынан басталады және ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін созылады. Бұл кезеңде экологиялық проблема аса өзекті емес. Қоршаған орта жеделдетілген индустрияландырудың аясы болып табылады. Екінші кезең ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан басталады, бұл кезде плакаттардың басым бөлігі ойлануға және табиғатқа деген өз қатынасын батыл өзгертуге шақырады. Үшінші кезең 80-ші жылдары суретшілердің экологиялық апат салдарын бейнелейтін плакаттар пайда болуына байланысты.

Түйін сөздер: экология, плакат, КСРО, визуалды тарих, табиғат, саясат, қоршаған орта, қорғау, визуалды материал, суретшілер.

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon