Санжар Асфендиаровтың өмірі мен қызметі туралы (қайраткердің 130-жылдық мерейтойына арналады)

 

DOI: 10.31551/2410-2725-2019-5-1-8-31

Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы

PhD докторант, ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы» бөлімі, Алматы қ., Қазақстан. Е-mail: aj013@mail.ru

 

Аңдатпа. Мақалада тың архив деректерінің және бай фактологиялық материалдың негізінде ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы, профессор Санжар Асфендиаровтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері қарастырылған. Әбілқайыр ханнан тараған әулеттен шыққан С. Асфендиаровтың отбасы мүшелері қазақ халқының тарихында терең із қалдырып, оның өмірлік көзқарастары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Санжар революцияға дейін Ресей империясының үздік жоғары оқу орындарында білім алған ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның жарқын өкілі. Санкт-Петербург Императорлық әскери-медициналық академияны аяқтап, әскери дәрігер атағына қол жеткізген С. Асфендиаров қазақ халқына қызмет еткен ата-бабаларының ісін жалғастырды. Түркістан өлкесінің түрлі аймақтарындағы әскери-медициналық қызмет, бірінші дүниежүзілік соғыстың майданындағы ұрыстарға қатысуы, неміс тұтқынында өткізген уақыт, саяси сенімсіз элемент ретінде патша күзет органдарының қырағы бақылауына ілінуі оның билік етуші монархиялық режимге қатысты көзқарастарының қалыптасуына шешуші түрде әсерін тигізді. Романовтар әулеті тақтан тайдырылғаннан кейін, С. Асфендиаров Түркістанның жергілікті ұлт өкілдерінің мүддесі мен құқықтарын қорғауға кіріскен көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауымның атарынан орын алды. Түркі-мұсылман интеллигенциясының өзге өкілдеріне қарағанда С. Асфендиаров өріс алып жатқан ұлт-азаттық және революциялық қозғалысқа солдат бұқарасы тарапынан тартылып, бұл жағдай оның 1917 жылдан бастау алған қоғамдық-саяси қызметінде өз көрінісін тапты. Большевиктердің төңкерісінен соң, Санжар тәжірибелі әрі білікті маман ретінде алдымен өлкені жайлаған сұрапыл ашаршылық пен індеттерге қарсы күреске араласып, артынан Түркістан республикасының денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға  ісіне жетекшілік жүргізді. С. Асфендиаров Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссариатына басшылық еткен, жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан тұңғыш әрі жалғыз кәсіби маман-дәрігер. Түркістанда түрлі жауапты қызметтерде еңбек еткен С. Асфендиаров, кеңестік негіздегі ұлттық-мемлекеттік құрылысты жүзеге асырған саяси элитаның қатарынан орын алды. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуінен кейін С.Асфендиаров РКФСР-дің және КСРО-ның мемлекеттік билік органдарына қызметке ауысты. Оның жинақтаған білімі, көзқарастардың кеңдігі, Орта Азия халықтарының тұрмысы мен дәстүрін, экономикасы мен шаруашылығын, бірнеше шығыс тілдерін жетік білуі, мемлекет басқару ісінде жинақтаған бай тәжірибесі, қысқа уақыт ішінде С. Асфендиаровқа одақтық деңгейдегі қайраткердің дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік берді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу талпынысы С. Асфендиаровты кеңестік негізде жаңадан қалыптасып жатқан ғылым саласына алып келген болатын. Ол Н. Нариманов атындағы  Мәскеу шығыстану институтының ректоры, Шығыс халықтарының этникалық және ұлттық мәдениетін зерттеу Институтының директоры, Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу институттары Ресейлік ассоциациясы төралқасының мүшесі, 2-ММУ-дың профессоры, исламның шығу тарихына арналған алғашқы ғылыми еңбектердің авторы ретінде кеңестік шығыстану ғылымының қалыптасуына өз үлесін қосты. С. Асфендиаровтың саяси қайраткер және танымал ғалым ретіндегі беделін ескерген Қазақ АКСР-ның басшылығы оны республикадағы тұңғыш жоғары оқу орнын – Қазақ мемлекеттік университетті құру ісіне жетекшілік жүргізуге шақырды. С. Асфендиаровтың қажырлы еңбегінің арқасында 1920-жж. аяғында – 1930-жж. басында Қазақстанда тұңғыш ЖОО және ҒЗИ-лермен қатар, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы бой көтерді. С. Асфендиаровтың өмірінің соңғы жылдары ғылыми-шығармашылық қызметінің барынша табысты кезеңі болды. Оның қаламынан қазақ халқының, 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық тарихына қатысты сүбелі ғылыми еңбектері, Орта Азиядағы революциялық қозғалысқа арналып жазылған оқу құралы шығып, оның редакциямен «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» атты екітомдық жинақ жарық көрді. Қазақстандық базаның жетекшісінің бірі, Орталық өлкетану бюросының төрағасы, Қазақ АКСР-ның Ағарту халық комиссарының орынбасары ретінде С. Асфендиаров тарихи ескерткіштердің сақталынуына, халық ауыз әдебиетінің үздік туындыларының жинақталуына, өлкетанушылық жұмыстың жергілікті жерде өріс алуына, кітапханалар мен музейлерді құруға, ғылыми маман кадрларды даярлауға көп көңіл бөлді. Оның есімімен Қазақстанда академиялық ғылымның, жоғары білім беру жүйесінің, мәдениеттің толықтай бір кезеңі байланысты. 

Түйінді сөздер: Санжар Асфендиаров; Түркістан; ұлт-азаттық қозғалыс; ұлттық-мемлекеттік құрылыс; денсаулық сақтау; жер-су реформасы; Қазақстан тарихы.

 

About the life and activities of Sanjar Asfendiarov(to the 130th anniversary of the birth)

 

Junisbayev Almas Abdiganievich

Doctoral student, research fellow, Institute of History and Ethnology named after Ch.Ch. Valikhanov of CS MES RK, Department of the History of Kazakhstan of the Soviet period, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: aj013@mail.ru

 

Abstract. In the article, based on a wide range of archival sources and rich factual material, the main stages of the life and work of a major socio-political and statesman, a prominent scholar and historian, Professor Sanjar Asfendiarov are considered. He came from a noble aristocratic family, whose members left an indelible mark on the history of the Kazakh people and had a great influence on the formation and formation of their life views and landmarks. S. Asfendiarov belonged to the golden cohort of prominent representatives of the national intelligentsia of the early twentieth century, who even before the revolution managed to get an education in the best universities of the Russian Empire. Having become one of the five Kazakhs who graduated from the St. Petersburg Imperial Military Medical Academy and having received the diploma of a military doctor, S. Asfendiarov enrolled in the civil service, continued the work of his ancestors – to serve the people. The military medical service in the ranks of the tsarist army in various parts of the Turkestan region, participating in battles on the fronts of the First World War, staying in German captivity, being under the close attention of the tsarist secret police as a "politically unreliable element" left their deep imprint on his world view and attitude to the ruling monarchist regime. After the overthrow of the Romanov dynasty, S. Asfendiarov was among the educated part of the intelligentsia that was intended by the revolution to protect the interests and rights of the indigenous peoples of Turkestan. Unlike many representatives of the Turkic-Muslim intelligentsia, S. Asfendiarov was involved in the growing national liberation and revolutionary movement from the soldier’s environment, which affected his social and political activities in 1917. After the Bolshevik coup, he, as an experienced doctor, was first attracted to fight the fierce famine and epidemics, then leads the work on the organization of the health system of the Turkestan Autonomous Soviet Socialist Republic, becoming in its history the only professional physician among the representatives to rennyh nationalities, who led the People's Commissariat. Over the years of work in Turkestan at various senior positions, S. Asfendiarov joined the circle of the local political elite, which was entrusted with the implementation of nation-building. After the national-state delimitation of the republics of Central Asia, S. Asfendiarov was transferred to work in the supreme bodies of state power of the RSFSR and the USSR. Brilliant education and erudition, organizational skills, excellent knowledge of everyday life and traditions, economics and economic structure of the peoples of Central Asia, fluency in several eastern languages, rich practical experience of public administration allowed him to rise to the level of responsible union-level workers in a short period of time. The analytical mind, the desire for scientific knowledge and research work gradually bring him into the world of the emerging Soviet science. S. Asfendiarov as Rector of the Moscow Institute of Oriental Studies. N. Narimanov, director of the Institute of Ethnic and National Cultures of the Peoples of the East, member of the Presidium of RANION, professor of the 2nd Moscow State University, author of the first scientific works on the genesis of Islam, takes an active part in the formation of Soviet Oriental studies. The authority of the politician and scientist, led him to the leadership of the Kazakh ASSR to lead the organization of the first university in the republic – the Kazakh State University. Thanks to the knowledge, experience, energetic work, and the titanic efforts of S. Asfendiarov in the late 1920s and early 1930s, not only the first universities and research institutes emerged in Kazakhstan, but also the Kazakhstan Base of the Academy of Sciences of the USSR was created. The last years of S. Asfendiarov’s life were the most productive in his scientific and creative activities. He wrote the first fundamental works on the history of the Kazakh people, the national liberation uprising of 1916 in Kazakhstan, textbooks on the history of the revolutionary movement in Central Asia, edited a collection of two-volume collection entitled "The past of Kazakhstan in sources and materials". As one of the leaders of the Kazakhstan base and the chairman of the Central Local History Bureau, Deputy People's Commissar of Education of the Kazakh Autonomous Soviet Socialist Republic S. Asfendiarov paid great attention to the preservation of historical monuments, collecting the best examples of oral folk art, developing local history work in the field, creating libraries and museums, training scientific personnel. A whole epoch in the history of the formation and development of academic science, higher education, and culture in Kazakhstan is associated with his name.

Keywords: Sanjar Asfendiarov; Turkestan; national liberation movement; national state construction; public health; land and water reform; history of Kazakhstan.

О жизни и деятельности Санжара Асфендиарова (к 130-летнему юбилею со дня рождения)

 

Джунисбаев Алмас Абдиганиевич

PhD докторант, научный сотрудник отдела «Истории Казахстана советского периода», Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова КН МОН РК, Алматы,  Казахстан. Е-mail: aj013@mail.ru 

 

Аннотация. В статье на основе широкого круга архивных источников и богатого фактологического материала рассматриваются основные этапы жизни и деятельности крупного общественно-политического и государственного деятеля, видного ученого-историка, профессора Санжара Асфендиарова. Он происходил из знатной аристократической семьи, члены которой оставили неизгладимый след в истории казахского народа и оказали большое влияние на становление и формирование его жизненных взглядов и ориентиров. С. Асфендиаров относился к той золотой когорте выдающихся представителей национальной интеллигенции начала ХХ века, которым еще до революции удалось получить образование в лучших вузах Российской империи. Став одним из пяти казахов, окончивших Санкт-Петербургскую Императорскую военно-медицинскую академию и удостоившись диплома военного лекаря, С. Асфендиаров поступив на государственную службу, продолжил дело своих предков – служить народу. Военно-медицинская служба в рядах царской армии в различных уголках Туркестанского края, участие в сражениях на фронтах Первой мировой войны, пребывание в немецком плену, нахождение под пристальным вниманием царской охранки в качестве «политически неблагонадежного элемента» наложили свой глубокий отпечаток на его мировоззрение и отношение к царствующему монархическому режиму. После свержения династии Романовых, С. Асфендиаров оказался в числе той образованной части интеллигенции, которая была призвана революцией защищать интересы и права коренных народов Туркестана. В отличие от многих представителей тюрко-мусульманской интеллигенции, С. Асфендиаров был вовлечен в нарастающее национально-освободительное и революционное движение из солдатской среды, что отразилось на его общественно-политической деятельности в 1917 г. После большевистского переворота, он как опытный врач, сначала привлекается к борьбе со свирепым голодом и эпидемиями, затем руководит работой по организации системы здравоохранения Туркестанской АССР, став в ее истории единственным профессиональным медиком из числа представителей коренных национальностей, возглавившим Наркомздрав. За годы работы в Туркестане на различных ответственных постах С. Асфендиаров вошел в круг местной политической элиты, которой было поручено претворение в жизнь национально-государственного строительства. После национально-государственного размежевания республик Средней Азии, С. Асфендиаров был переведен на работу в высшие органы государственной власти РСФСР и СССР. Блестящее образование и эрудированность, организаторские способности, отличное знание быта и традиций, экономики и хозяйственного уклада народов Центральной Азии, свободное владение несколькими восточными языками, богатый практический опыт государственного управления позволили ему за короткий промежуток времени подняться до уровня ответственных работников союзного масштаба. Аналитический склад ума, стремление к научному познанию и исследовательской работе постепенно приводят его в мир нарождающейся советской науки. С. Асфендиаров в качестве ректора Московского института востоковедения им. Н. Нариманова, директора Института этнических и национальных культура народов Востока, члена Президиума РАНИОН, профессора 2-го МГУ, автора первых научных работ по генезису ислама принимает активное участие в становлении советского востоковедения. Авторитет политика и ученого, послужили причиной обращения к нему руководства Казахской АССР возглавить работу по организации первого вуза в республике – Казахского государственного университета. Благодаря знаниям, опыту, энергичной работе, титаническим усилиям С. Асфендиарова в конце 1920-х – начале 1930 годов в Казахстане возникли не только первые вузы и НИИ, но и была создана Казахстанская база АН СССР. Последние годы жизни С. Асфендиарова стали наиболее продуктивными в его научно-творческой деятельности. Его перу принадлежат первые фундаментальные работы по истории казахского народа, национально-освободительному восстанию 1916 г. в Казахстане, учебные пособия по истории революционного движения в Средней Азии, под его редакцией был издан сборник двухтомный сборник «Прошлое Казахстана в источниках и материалах». В качестве одного из руководителей Казахстанской базы и председателя Центрального краеведческого бюро, заместителя наркома просвещения Казахской АССР С. Асфендиаров уделял большое внимание сохранению исторических памятников, сбору лучших образцов устного народного творчества, развитию краеведческой работы на местах, созданию библиотек и музеев, подготовке научных кадров. С его именем связана целая эпоха в истории становления и развития академической науки, высшего образования, культуры в Казахстане.

Ключевые слова: Санжар Асфендиаров; Туркестан; национально-освободительное движение; национально-государственное строительство; здравоохранение; земельно-водная реформа; история Казахстана.    

Для цитирования:

Джунисбаев А.А. О жизни и деятельности Санжара Асфендиарова (к 130-летнему юбилею со дня рождения)//Мир Большого Алтая 2019. Т.5. №1. С. 8-31  https://www.journalaltai.com/5-1-2019-rus

DOI:10.31551/2410-2725-2019-5-1-8-31

References

 

Alash qozgalysy. Quzhattar men materialdar zhinagy. Sauіr 1901 zhyl – zheltoqsan 1917 zhyl. Dvizhenie Alash. Sbornik dokumentov i materialov. Aprel' 1901 g. – dekabr' 1917 g. [Alash movement. Collection of documents and materials. April 1901 - December 1917]. T.1. Almaty: Alash, 2004. 552 b. [in Rus. and Kaz.]

Asfendiarov, 1928 – Asfendiarov S.D. Materialy k izucheniju Vostoka. Chast' pervaja. Prichiny vozniknovenija islama [Materials to the study of the East. Part one. Causes of Islam]. Samarkand-Tashkent: Uzgosizdat, 1928. 70 s. [in Rus.]

Asfendiarov, 1930 – Asfendiarov S.D. Islam zuhurynyng sebebleri [he causes of the origin of Islam]. Samarqant-Tashkent: Uznashr, 1930. 66 b. [in Uzbek]

Asfendiarov, 1931 – Asfendiarov S. Shygystagy ulttyq tongkerіsshіl qozgalystyng tarihy [History of national-revolutionary movements in the East]. Almaty: Qazaqstan baspasy, 1931. 25 b. [in Kaz.]

Asfendiarov, 1932 – Asfendiarov S. Istorija nacional'no-revoljucionnyh dvizhenij na Vostoke [History of national-revolutionary movements in the East]. Alma-Ata: Kazgosizdat, 1932. 24 s. [in Rus.]

Asfendiarov, 1935a – Asfendiarov S.D. Istorija Kazahstana (s drevnejshih vremen). Tom 1. [History of Kazakhstan (since ancient times). Volume 1] Alma-Ata-M.: Kazkrajizdat, 1935. 262 s. [in Rus.]

Asfendiarov, 1935b – Asfendiarov S.D. Qazaq tarihynyng ocherkіsі. 1- bөlіm. [Essays on the history of the Kazakh. Part 1] Almaty: Qazaqstan baspasy, 1935. 91 b. [in Kaz.]

Asfendiarov, 1936a – Asfendiarov S.D. Nacional'no-osvoboditel'noe vosstanie 1916 goda v Kazahstane [National liberation uprising of 1916 in Kazakhstan]. – Alma-Ata-Moskva: Kazahstanskoe kraevoe izdatel'stvo, 1936. 149 s. [in Rus.]

Asfendiarov, 1936b – Asfendiarov S. Qazaqstandagy 1916 zhylgy ult-azattyq koterіlіsі. Tarihi ocherk [National liberation uprising of 1916 in Kazakhstan. Historical essay]. Almaty: Qazaqstan baspasy, 1936. [in Kazakh]

Bjulleten', 1921 – Bjulleten' VI S’ezda Kommunisticheskoj partii Turkestana [Bulletin of the VI Congress of the Communist Party of Turkestan]. 1921. №7. [in Rus.]

Davlet-Jusupov, 1953 – Davlet-Jusupov M.H. Sojuz «Koshchi» i ego rol' v ukreplenii Sovetskoj vlasti v Turkestane (1919-1924 gg.) [The Koshchi Union and its role in strengthening Soviet power in Turkestan (1919-1924)]. T.: Gosizdat UzSSR, 1953. 66 s. [in Rus.]

Zhunіsbaev, 2011a – Zhunіsbaev A. Sanzhar Asfendiarovtyng agalary men apkelerіnіng omіrі turaly [About the life of brothers and sisters of Sanjar Asfendiarov] // «Qogam zhane dauіr». – 2011. – №1. – 115-125 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2011b – Zhunіsbaev A. Sanzhar Asfendiarov – askeri darіger [Sanjar Asfendiarov – military doctor] // Qoғam zhane dauіr. – 2011. – №4. – 126-144 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2012 – Zhunіsbaev A. Sүjіk Әlі zhane Asfendiar sultandar (Sanzhar Asfendiarovtyng atalary turaly) [Sultans Suyik Ali and Asfendiar (On the Ancestors of Sanjar Asfendiarov)] // Qazaqstan muragattary. – 2012. – №1. – 15-23 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2013 – Zhunіsbaev A. Ulttyq-memlekettіk mezheleu barysynda Sanzhar Asfendiarovtyng qazaq zherіnіng tұtastygyn qalpyna keltіru zholyndagy qyzmetі [Sanzhar Asfendiarov’s activities on the unification of the Kazakh lands during the period of national-state delimitation] // Qazaqstan muragattary. – 2013. – №3. – 39-50 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2014a – Zhunіsbaev A. Sanzhar Asfendiarov: omіrі men qyzmetі (1889-1938 zhzh.) [Sanjar Asfendiarov: life and activity (1889-1938)]. T. 1: (1889-1918 zhzh.). Almaty: «Eltanym baspasy», 2014. 256 b. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2014b – Zhunіsbaev A. Sanzhar Asfendiarov – Qazaq AKSR-nіng Orta Azijadagy okіlettі okіlі (1924-1925 zhzh.) [Sanzhar Asfendiarov – Plenipotentiary Representative of the Kazakh Autonomous Soviet Socialist Republic in Central Asia (1924-1925)] // Tarih taglymy. – 2014. – №1. – 11-16 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2014c – Zhunіsbaev A. Sanzhar Asfendiarov – RKFSR BOAK toralqasy zhanyndagy ulttar bөlіmіnің menggerushіsі (1925-1927 zhzh.) [Sanjar Asfendiarov – Head of the Department of Nationalities at the Presidium of the Central Executive Committee (1925-1927)] // Qazaqstan muragattary. – 2014. – №1. – 58-71 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2014d – Zhunіsbaev A. Qazaq memlekettіk universitetіnіng qurylu tarihy zhane Sanzhar Asfendiarovtyng rektorlyq qyzmetі (1928-1931 zhzh.) [The history of the formation of the Kazakh State University and the activities of Sanzhar Asfendiarov as rector (1928-1931)] // – Asfendiarov S. Shygarmalar zhinaqy / Qurast. Abzhanov H.M., Zhunіsbaev A.A. Almaty: «El-shezhіre», 2014. T.4. – 306-335 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2015a – Zhunіsbaev A. Qazaq medicinalyq institutty qurudagy Sanzhar Asfendiarovtyng orny men rolі [The place and role of Sanjar Asfendiarov in the creation of the Kazakh Medical Institute] // Vestnik Kyrgyzskogo Gosudarstvennogo universiteta im. I. Arabaeva. – Bishkek: KGU im. I. Arabaeva.  – №2. – 2015. – 184-193 bb. [in Kaz.]

Zhunіsbaev, 2015b – Zhunіsbaev A. Sanglaq galymnyng murasy: Sanzhar Asfendiarovtyng shygarmalar zhinagy turaly [The legacy of a prominent scientist: a collection of essays by Sanjar Asfendiarov] // «edu.e-history.kz» elektrondyq-gylymi zhurnaly. – №4. – 2015. [in Kaz.]

Kokebaeva, 2009 – Kokebaeva G.K. Germanija – Rossija – SSSR: politika, vojna i plen [Russia - USSR: politics, war and captivity]. Almaty: Қazaқ universitetі, 2009. 345 s. [in Rus.]

Qongyratbaev, 1994 – Qongyratbaev O. Turar Rysqulov: qogamdyq-sajasi zhane memlekettіk qyzmetі. Turkіstan kezengі [Socio-political and state activities of Turar Ryskulov. Turkestan period]. Almaty: Qazaqstan, 1994. 448 b. [in Kaz.]

Qongyratbaev, Zhunіsbaev, 2011 – Qongyratbaev O.M., Zhunіsbaev A.A. Musylman Bjurosy – egemendіk idejasynyng zharshysy (1919-1920 zhyldar) [Muslim Bureau - the conductor of the idea of sovereignty (1919-1920)]. Almaty: IP «Uathanov» baspasy, 2011. 246 b. [in Kaz.]

Mahaeva, 2007 – Mahaeva A.Sh. Qazaq-qyrgyz sajasi bajlanystarynyng tarihy [The history of the Kazakh-Kyrgyz political relations] (XVIII gasyrdyng ekіnshі zhartysy – XX gasyrdyng bas kezі). Almaty: Cennye bumagi, 2007. 357 b. [in Kaz.]

Na prieme, 2008 – Na prieme u Stalina. Tetradi (zhurnaly) zapisej lic, prinjatyh I.V. Stalinym (1924-1953 gg.) [At the reception at Stalin. Notebooks (journals) of records of persons taken by I.V. Stalin (1924-1953)]. Sprav. / Nauch. red. A.A. Chernobaev. M., 2008. 784 s. [in Rus.]

Pobeda Oktjabr'skoj revoljucii v Uzbekistane. Sb. dokumentov. V 2-h tomah. T.1. Ustanovlenie Sovetskoj vlasti v Uzbekistane [The victory of the October Revolution in Uzbekistan. Sat documents. In 2 volumes. T.1. The establishment of Soviet power in Uzbekistan]. T.: Izdatel'stvo AN Uzbekskoj SSR, 1963. 659 s. [in Rus.]

Proshloe Kazakstana v istochnikah i materialah. Sbornik 1. [The past of Kazakhstan in sources and materials. Collection 1.] Pod red. prof. S.D. Asfendiarova i prof. P.A. Kunte. Alma-Ata-M.: Kazkrajizdat, 1935. 299 s. [in Rus.]

Proshloe Kazahstana: V istochnikah i materialah. Sb. 2 [The past of Kazakhstan in sources and materials. Collection 2]. Pod red. prof. S. Asfendiarova. Alma-Ata-M.: Kazkrajizd. 1936. 293 s. [in Rus.]

Sobranie uzakonenij, 1944 – Sobranie uzakonenij i rasporjazhenij pravitel'stva za 1921 g. [Collection of legalizations and orders of the government for 1921] M., 1944. 1198 s. [in Rus.]

Stenograficheskij otchet, 1927 – Stenograficheskij otchet pervogo plenuma Vsesojuznogo Central'nogo Komiteta novogo tjurkskogo alfavita, zasedavshego v Baku ot 3-go do 7-go ijunja 1927 g. [Stenographic report of the first plenum of the All-Union Central Committee of the new Turkic alphabet, which met in Baku from the 3rd to the 7th of June, 1927]. M.: Izdanie VCK NTA, 1927. 176 s. [in Rus.] 

Sulejmenov, 1961 – Sulejmenov R.B. Iz istorii razvitija nauki v Kazahstane (1933-1940 gg.) // Voprosy istorii socialisticheskogo i kommunisticheskogo stroitel'stva v Kazahstane [From the history of the development of science in Kazakhstan (1933-1940) // Questions of the history of socialist and communist construction in Kazakhstan]. Alma-Ata: Izdatel'stvo AN KazSSR, 1961. S. 139-165. [in Rus.]

Sulejmenov, 1987 – Sulejmenov R.B. S.D. Asfendiarov i stanovlenie sovetskoj istoricheskoj nauki v Kazahstane // Velikij Oktjabr' i social'no-jekonomicheskij progress Kazahstana [S.D. Asfendiarov and the formation of Soviet historical science in Kazakhstan // Great October and the socio-economic progress of Kazakhstan]. Alma-Ata: Nauka, 1987. S. 155-183. [in Rus.]

Sulejmenov, 1990 – Sulejmenov R.B. Vidnyj dejatel' socialisticheskogo stroitel'stva v Srednej Azii i Kazahstane, uchenyj vostokoved [A prominent figure in socialist construction in Central Asia and Kazakhstan, a scientist orientalist] // Sanzhar Dzhafarovich Asfendiarov. (Sb. nauchnyh statej). Alma-Ata: KazPI im. Abaja, 1990. – S. 3-26. [in Rus]

Hodzhaev, 1926 – Hodzhaev F. K istorii revoljucii v Buhare [To the history of the revolution in Bukhara]. T.: Uzbekskoe gosizdatel'stvo, 1926. 77 s. [in Rus.]

Shokaj, 2016 – M. Izbrannye trudy: v 2-h t. [Selected Works. In 2 vol.]. Sost. i avtor predislovija K.L. Esmagambetov. Almaty: Arys, 2016. T. 2. 456 s. [in Rus.]

© 2016. С. Аманжолов атыңдағы ШҚМУ

© 2016. S.Amanzholov named EKSU

© 2016. ВКГУ имени С.Аманжолова

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon